Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 117
- Қабылданған күні
- 07.05.2007
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2011 · қолданыстағы 33344_216664.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07DD000047
- ЭКБ идентификаторы
- 33344
- Редакция идентификаторы
- 33344_216664
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:40
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағының 5-4) тармақшасына, 18-1 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі (С. Қорғанбаев):
1 1) әлеуметтік жұмыс орнына жұмыссыз ретінде тіркелген халықтың нысаналы топтары жіберілсін;
2 2) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілермен келісім шарт жасауды жүзеге асырсын;
📌 Ескерту. 2-3) тармақшасы алынып тасталды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2009.06.01 N 144 қаулысымен.
3 3. Ақсу аудандық қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі (Г. Шырғайбаева) әлеуметтік жұмыс орнына берілетін қаржыны уақтылы бөлуді қамтамасыз етсін.
4
4. Аудан әкімиятының 2006 жылғы 24 сәуірдегі "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (аудандық әділет басқармасында 2006 жылдың 30 мамырда мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-4-28 нөмірмен тіркелген және аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 2006 жылғы 17 маусымдағы N 25 санында жарияланған) N 126 қаулысының күші жойылған болып табылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Кәрбозинге жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Ақсу ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 7 мамырдағы
"Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы"
N 117 қаулысына
қосымша
Ақсу ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
Осы тәртіп Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту" Заңына сәйкес әзірленген.