Қолданыстағы ред. 18.05.2007

Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы от 18.05.2007 г. № 121 (Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы)

0

Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-I «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуды тәртіпке келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі бекітілсін.

2

2. Округ әкімдері эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуға арналған арнайы бөлінген тұрақты үй-жайлар белгілесін.

3

3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Базарбаевқа жүктелсін.

4

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5

Аудан әкімінің 2007 жылғы
«18» мамырдағы №121
қаулысымен бекітілген
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайты мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі (бұдан әрі-Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағы негізінде әзірленген және эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сатуды тәртіпке келтіруге бағытталған.

2

2. Ереже эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын барлық мерзімді баспа басылымдарына, соның ішінде жақын және алыс шет елдерден әкелінетіндерге де қолданылады.

3

3. Заңның 1 бабының 14 тармақшасына сәйкес, тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қаузайтын баспасөз басылымы немесе теле-радио бағдарламасы эротикалық сипаттағы өнім болып табылады.

2. 2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімде баспа басылымдарын бөлшек саудада сату

2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімде баспа басылымдарын бөлшек саудада сату

4

4. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын бөлшек саудада сату арнайы бөлінген тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылады.

5

5. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдары бөлшек саудада тек қана мөлдір ораммен буылып-түйілген күйінде сатуға жол беріледі.

6

6. Тұрақты үй-жайлар аудан әкімиятының қаулысымен белгіленеді.

7

7. Көрсетілген баспа басылымдарын:

1

1) он сегіз жасқа толмаған тұлға;

2

2) балалар мекемелерінде және оқу орындары мен оған 150 метр қашықтықта іргелес жатқан аумақта;

3

3) мемлекеттік мекемелерде, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде, сондай-ақ сәулет және тарихи ескерткіштердің маңында;

4

4) қоғамдық көлікте, аялдамаларда, адамдар жаппай демалатын орындарда сатуға тиым салынады.

3. 3. Осы Ережені сақтаудағы жауапкершілік

3. Осы Ережені сақтаудағы жауапкершілік

8

8. Ережені бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.