Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-I «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуды тәртіпке келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Округ әкімдері эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуға арналған арнайы бөлінген тұрақты үй-жайлар белгілесін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Базарбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Аудан әкімінің 2007 жылғы «18» мамырдағы №121 қаулысымен бекітілген Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайты мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі (бұдан әрі-Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағы негізінде әзірленген және эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сатуды тәртіпке келтіруге бағытталған.
Тармақ 2
2. Ереже эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын барлық мерзімді баспа басылымдарына, соның ішінде жақын және алыс шет елдерден әкелінетіндерге де қолданылады.
Тармақ 3
3. Заңның 1 бабының 14 тармақшасына сәйкес, тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қаузайтын баспасөз басылымы немесе теле-радио бағдарламасы эротикалық сипаттағы өнім болып табылады.
Тарау 2. 2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімде баспа басылымдарын бөлшек саудада сату
2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімде баспа басылымдарын бөлшек саудада сату
Тармақ 4
4. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын бөлшек саудада сату арнайы бөлінген тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдары бөлшек саудада тек қана мөлдір ораммен буылып-түйілген күйінде сатуға жол беріледі.
Тармақ 6
6. Тұрақты үй-жайлар аудан әкімиятының қаулысымен белгіленеді.
Тармақ 7
7. Көрсетілген баспа басылымдарын:
Тармақша 1
1) он сегіз жасқа толмаған тұлға;
Тармақша 2
2) балалар мекемелерінде және оқу орындары мен оған 150 метр қашықтықта іргелес жатқан аумақта;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекемелерде, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде, сондай-ақ сәулет және тарихи ескерткіштердің маңында;
Тармақша 4
4) қоғамдық көлікте, аялдамаларда, адамдар жаппай демалатын орындарда сатуға тиым салынады.
Тарау 3. 3. Осы Ережені сақтаудағы жауапкершілік
3. Осы Ережені сақтаудағы жауапкершілік
Тармақ 8
8. Ережені бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.