Қолданыстағы ред. 07.05.2007 (Редакция 33397_345300.kaz)

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылықты дамыту, жеке іс ашу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы от 07.05.2007 г. № 116 (Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылықты дамыту, жеке іс ашу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы)

0

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылықты дамыту, жеке іс ашу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан кедейшілік шегінен өз күшімен шығамын деушілерге жеке қосалқы шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге бір жолғы әлеуметтік көмек 150000-200000 (бір жүз елу мың-екі жүз мың) теңге аралығында төленсін.

2

2. Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі (С.Қорғанбаев) заңмен белгіленген тәртіпте:

1

1)жергілікті жердегі әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен төленуін тұрғылықты жеріндегі поселкелік, ауылдық учаскелік комиссияға ұсынылатын белгіленген нысандағы өтініш бланкісінде бір жолғы әлеуметтік көмекті алудың мақсаты, нақты сомасы және әлеуметтік алушының жеке шотының деректемелері көрсетілсін.

2

2)әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен төленуін қамтамасыз ету мақсатында төмендегі құжаттар берілсін:
тұқым сатып алуға жер учаскесі бар екендігі туралы анықтама немесе жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат;
халық кәсіпшілігін дамытудың, жеке меншік іс ашудың бизнес- жоспары;
кәсіби дайындықтан өткен жұмыссыздарға мамандық беру туралы куәліктің көшірмесі;
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, әлеуметтік көмек алушы және учаскелік комиссияның-төрағасы поселке, ауыл әкімдері қол қойылған үшжақты келісім шарт.

3

3. Ақсу аудандық қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі (Г.Шырғайбаева) жеке қосалқы шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге бір жолғы берілетін әлеуметтік көмектің мерзімінде төленуін қамтамасыз етсін.

4

4. Аудан Әкімиятының 2006 жылғы 16 қаңтардағы «Тұрмысы төмен отбасыларына мемлекеттік атаулы көмекті төлеу және жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы» (аудандық әділет басқармасында 2006 жылғы 27 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2-4-22 нөмірімен тіркелген және аудандық «Ақсу өңірі» газетінің 2006 жылғы 3 ақпандағы № 6 санында жарияланған) № 26 қаулысының күші жойылған болып танылсын.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Кәрбозинге жүктелсін.

6

6. омы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Ақсу аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Қорғанбаев Сәбит
Бейсебекұлы
«07» 05 2007ж.
Ақсу аудандық қаржы
бөлімі мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Шырғайбаева Гүлфайраз
Жабайханқызы
«07» 05 2007ж.