О переименовании некоторых населенных пунктов Акмолинской области по Буландынскому и Аршалынскому районам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых населенных пунктов Акмолинской области по Буландынскому и Аршалынскому районам
- Атауы (қаз.)
- Бұланды және Аршалы аудандары бойынша облыстың кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ЗС-26-13
- Қабылданған күні
- 27.04.2007
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2015 33413_303649.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07B0003223
- ЭКБ идентификаторы
- 33413
- Редакция идентификаторы
- 33413_303649
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:42
0 Бұланды және Аршалы аудандары бойынша облыстың кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, Бұланды ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 6 қазандағы № А-10/165 және 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № а-12/199 қаулылары, Бұланды аудандық мәслихатының 2006 жылғы 6 қазандағы № 3С-33/3 және 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 3С-35/3 шешімдері, Аршалы ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 319 және 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 491 қаулылары, Аршалы аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 қазандағы № 36/11 және 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 38/5 шешімдері негізінде және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2007 жылғы 30 наурыздағы шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атаулары өзгертілсін:
1 1) Бұланды ауданы бойынша:
Айнакөл ауылдық округінің Красноводское ауылы Айнакөл ауылына;
Қараөзек ауылдық округінің Колоколовка ауылы Қараөзек ауылына;
Қараөзек ауылдық округінің Прохоровка ауылы Байсуат ауылына;
Вознесенка ауылдық округінің Белоцерковка ауылы Аққайың ауылына;
Вознесенка ауылдық округінің Красный Кардон ауылы Тастыөзек ауылына;
Ерголка ауылдық округінің Ерголка ауылы Тоқтамыс ауылына;
Карамышевка ауылдық округінің Карамышевка ауылы Шұбарағаш ауылына;
2 2) Аршалы ауданы бойынша:
Нововладимировка ауылдық округінің Нововладимировка ауылы Бұлақсай ауылына;
Нововладимировка ауылдық округі Бұлақсай ауылдық округіне;
Александровка ауылдық округінің Мартыновка ауылы Жалтыркөл ауылына.