Об утверждении Правил определения целевых показателей качества окружающей среды
Күшін жойған
Қаулы
·№ 448
·
25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил определения целевых показателей качества окружающей среды
- Атауы (қаз.)
- Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 448
- Қабылданған күні
- 01.06.2007
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2015 AI33476_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000448_
- ЭКБ идентификаторы
- 33476
- Редакция идентификаторы
- AI33476_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:33
0 Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 1 маусымдағы
N 448 қаулысымен
бекітілген
Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу тәртібін айқындайды.
2 2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері осы өңірлер мен аумақтар үшін белгілі бір уақыт бойына қоршаған ортаның талап етілетін сапасына қол жеткізудің тәртібін анықтау қажет болған жағдайларда жекелеген аумақтар үшін белгіленеді.
3 3. Мыналар қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу үшін негіз болып табылады:
1 1) өңірдегі экологиялық ахуалды талдау;
2 2) өндірістік күштерді едәуір өзгерту перспективалары;
3 3) қоршаған ортаның сапасына қойылатын қосымша талаптары бар рекреациялық аймақтарды, ауыл шаруашылығы объектілерін қалыптастыру жөніндегі жоспарлар;
4 4) қоршаған орта объектілеріндегі аялық шоғырланулардың қоршаған орта сапасының қабылданған нормативтерінен асып түсуі туралы ақпарат.
4 4. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде әзірлейді.
2 2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау тәртібі
5 5. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері мынадай құрамдас бөліктер арқылы белгіленеді:
1 1) атмосфералық ауаның ластануы;
2 2) топырақ жамылғысының ластануы;
3 3) су объектілерінің ластануы;
4 4) қоршаған ортаның физикалық факторларының деңгейі.
6 6. Нысаналы көрсеткіштер оларды әзірлеу процесінде айқындалған, бірақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаттарында көзделген мерзімдерден аспайтын мерзімге белгіленеді.
7 7. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қоршаған орта сапасын бірте-бірте жақсарту қажеттілігі ескеріле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерінің белгілі бір уақыт кезеңіне арналған шекті деңгейін реттейді.
8 8. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1 1) экологиялық ахуалды талдау;
2 2) қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізу жөніндегі экономикалық мүмкіндіктерді зерделеу;
3 3) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу өлшемдерін анықтау:
қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеуге арналған негіздерді айқындау;
адам денсаулығы мен құнды экологиялық жүйелер үшін қауіп-қатерді бағалау;
нысаналы көрсеткіштерді белгілеу қажеттілігін айқындау;