Об утверждении Правил определения целевых показателей качества окружающей среды
Күшін жойған
Қаулы
·№ 448
·
15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил определения целевых показателей качества окружающей среды
- Атауы (қаз.)
- Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 448
- Қабылданған күні
- 01.06.2007
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2015 AI33476_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000448_
- ЭКБ идентификаторы
- 33476
- Редакция идентификаторы
- AI33476_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:33
0 Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 1 маусымдағы
N 448 қаулысымен
бекітілген
Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері осы өңірлер мен аумақтар үшін белгілі бір уақыт бойына қоршаған ортаның талап етілетін сапасына қол жеткізудің тәртібін анықтау қажет болған жағдайларда жекелеген аумақтар үшін белгіленеді.
3. Мыналар қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу үшін негіз болып табылады:
1) өңірдегі экологиялық ахуалды талдау;
2) өндірістік күштерді едәуір өзгерту перспективалары;
3) қоршаған ортаның сапасына қойылатын қосымша талаптары бар рекреациялық аймақтарды, ауыл шаруашылығы объектілерін қалыптастыру жөніндегі жоспарлар;
4) қоршаған орта объектілеріндегі аялық шоғырланулардың қоршаған орта сапасының қабылданған нормативтерінен асып түсуі туралы ақпарат.
4. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде әзірлейді.
2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау тәртібі
5. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері мынадай құрамдас бөліктер арқылы белгіленеді:
1) атмосфералық ауаның ластануы;
2) топырақ жамылғысының ластануы;
3) су объектілерінің ластануы;
4) қоршаған ортаның физикалық факторларының деңгейі.
6. Нысаналы көрсеткіштер оларды әзірлеу процесінде айқындалған, бірақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаттарында көзделген мерзімдерден аспайтын мерзімге белгіленеді.
7. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қоршаған орта сапасын бірте-бірте жақсарту қажеттілігі ескеріле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерінің белгілі бір уақыт кезеңіне арналған шекті деңгейін реттейді.
8. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) экологиялық ахуалды талдау;
2) қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізу жөніндегі экономикалық мүмкіндіктерді зерделеу;
3) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу өлшемдерін анықтау:
қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеуге арналған негіздерді айқындау;
адам денсаулығы мен құнды экологиялық жүйелер үшін қауіп-қатерді бағалау;
нысаналы көрсеткіштерді белгілеу қажеттілігін айқындау;