О внесении изменения, дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения, дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер, толықтырулар енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 520
- Қабылданған күні
- 28.04.1996
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2009 AI3349_5.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P960000520_
- ЭКБ идентификаторы
- 3349
- Редакция идентификаторы
- AI3349_5
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:23
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер, толықтырулар енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2369 K952369_ қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне қоса берiлiп отырған өзгертулер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2 2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қосымшаға сәйкес кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
3 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 29 сәуiрдегi
N 520 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар
1 1. Ескерту. 1-шi тармақ күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1996.11.14. N 1385 қаулысымен.
2 2. ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.10.03. N 1412 қаулысымен.
3 3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 1225 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ережеде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 47, 576-құжат):
6-тармақ мынадай мазмұндағы "щ)" тармақшасымен толықтырылсын:
"щ) кеден iсiнiң мiндеттерiн шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен "Қазақстан Республикасының кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес өзара iс-қимыл жасайды".
4 4. ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен.
8 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң Тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 29 сәуiрдегi
N 520 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
Тiзбесi
1 1. "Қазақстан Республикасындағы өткiзу пункттерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 906 қаулысының 4, 5, 6, 7-тармақтары.
2 2. "Қазақстан Республикасында кедендiк бақылауды онан әрi ұйымдастыру жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 29 желтоқсандағы N 1097 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 50, 724-құжат).
3 3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас кеден басқармасының орталық аппаратының штат санын көбейту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 2 ақпандағы N 131 қаулысы.
4 4. "Қазақстан Республикасы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң толлингтiк операциялар жүргiзу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 қыркүйектегi N 1055 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 39, 430-құжат).
5
5. "Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң толлингтiк операциялар жүргiзу тәртiбi туралы ережеге өзгертулер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 мамырдағы N 625 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 188-құжат).