Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 519 · қабылданған 26.04.1996
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3350/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған 22.05.1997 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы № 519 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
519
Қабылданған күні
26.04.1996
Көрсетілген редакция
22.05.1997 AI3350_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.1997
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P960000519_
ЭКБ идентификаторы
3350
Редакция идентификаторы
AI3350_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:23
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

"Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 U952541_ Жарлығын орындау үшiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары аппаратының санын және оны ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы" 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1442 P951442_ және "Облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi аппаратының үлгiлiк құрылымы, олардың дербес атқарушы органдарының тiзбесi, қызметкерлерiнiң жалпы санының лимиттерi, қызметтiк жеңiл автомобильдерiнiң саны, еңбекақы қоры және қызметтiк iссапарларға арналған шығындар туралы" 1995 жылғы 30 желтоқсандағы N 1901 P951901_ қаулыларына сәйкес және бiрыңғай ұлт пен тiл саясатын жүргiзудi күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. "Қазақстан Республикасының Ұлт саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 қыркүйектегi N 1263 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 30, 379-бап):

1-тармақтың екiншi абзацындағы "және оның жергiлiктi жерлердегi құрылымдарына" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Мемұлткомына мемлекеттiң ұлт саясатын жүзеге асыру және өзiне жүктелген құзыреттер шегiнде шешiмдер қабылдау және оларды барлық министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, облыстардың, қалалардың, аудандардың, ауылдардың, поселкелердiң әкiмдерiнiң, ұйымдардың, мекемелер мен кәсiпорындардың орындауын бақылау құқығы берiлсiн";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасының Мемұлткомының орталық аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындары қаржыландыру республикалық бюджетте мемлекеттi басқару органдарын ұстауға қаралған қаржы есебiнен жүзеге асырылсын";
10-тармақ алынып тасталсын;
15-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бiрыңғай ұлт және тiл саясатын, Қазақстан халықтарының мәдениетiн, дәстүрi мен әдет-ғұрпын түсiндiру мен жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы Мемұлткомының қазақ және орыс тiлдерiндегi баспа органын құру туралы ұсыныс енгiзсiн";
11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18-тармақтар тиiсiнше 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтар болып саналсын.
Аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы Ережедегi:
3, 13, 16-тармақтар алынып тасталсын;
6-тармақтың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, облыстардың, қалалардың, аудандардың, ауылдардың, поселкелердiң әкiмдерiнiң, ұйымдардың, мекемелер мен кәсiпорындардың орындалуын бiрыңғай ұлт және тiл саясатын жүргiзудегi қызметiн үйлестiру және бақылау";
8-тармақтың екiншi, үшiншi және бесiншi абзацтары тиiсiнше мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттiң ұлт саясатын жүзеге асыру тұрғысында және өзiне жүктелген қызмет шегiнде министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, облыстардың, қалалардың, аудандардың, ауылдардың, поселкелердiң әкiмдерi, ұйымдар, мекемелер мен кәсiпорындар, сондай-ақ барлық мемлекеттiк емес құрылымдар орындауға мiндеттi шешiмдер қабылдау";
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң, парламентiнiң, Үкiметiнiң ұлт және тiл саясаты жөнiндегi нормативтiк актiлерiнiң орындалуы жөнiнде министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, облыстардың, қалалардың, аудандардың, ауылдардың, поселкелердiң әкiмдерiнен, ұйымдардан, мекемелер мен кәсiпорындардан, лауазымды адамдардан мәлiметтер мен құжаттар алу";
"өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша министрлiктердi, мемлекеттiк комитеттердi, облыстардың, қалалар мен аудандардың әкiмдерiн, алқа мәжiлiстерiнде тыңдау, Қазақстан Республикасы Мемұлткомының шешiмдерi мен ұсынымдарын орындамаған жағдайда осы органдардың басшыларына шаралар қолдану туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзу".

2. ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.27. N 1655 қаулысымен.