Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании адвокатской и нотариальной видам деятельности

Қаулы · № 454 · қабылданған 02.06.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-33500/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании адвокатской и нотариальной видам деятельности Күшін жойған Қаулы ·№ 454 ·02.06.2007
19.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании адвокатской и нотариальной видам деятельности

Күшін жойған Қаулы ·№ 454 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании адвокатской и нотариальной видам деятельности
Атауы (қаз.)
Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
454
Қабылданған күні
02.06.2007
Көрсетілген редакция
19.11.2012 AI33500_10.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000454_
ЭКБ идентификаторы
33500
Редакция идентификаторы
AI33500_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:33

0 Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының " Нотариат туралы " 1997 жылғы 14 шілдедегі, " Адвокаттық қызмет туралы " 1997 жылғы 5 желтоқсандағы және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

2 2) адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары;

3 3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

4 4) нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2 2. Мыналардың:

1 1) "Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 ақпандағы N 254 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 60-құжат);

2

2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының;

3

3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 және 2002 жылғы 27 ақпандағы N 254 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 518 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 21, 269-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Адвокаттық қызметті лицензиялау ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 454 қаулысымен
бекітілген
Адвокаттық қызметті лицензиялау ережесі

1 Адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 454 қаулысымен
бекітілген
Адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2 2) жоғары заң білімінің болуы;

3 3) кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокатта алты айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өту;

4 4) аттестациялық әділет комиссиясында аттестаттаудан өту;

5 5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы;

6 6) соттылығының болмауы.

2

2. Осы адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген біліктілік талабы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдарға қолданылмайды.

3 3. Осы адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген біліктілік талабы мыналарға:

1 1) Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдарға;

2 2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдарға;

3 3) теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдарға қолданылмайды.

4 4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

2 Нотариаттық қызметті лицензиялау ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 454 қаулысымен
бекітілген
Нотариаттық қызметті лицензиялау ережесі

3 Нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 454 қаулысымен
бекітілген
Нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптар

1 1. Нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2 2) жоғары заң білімінің болуы;

3 3) кемінде бір жыл мерзіммен нотариуста тағылымдамадан өту;

4 4) аттестациялық әділет комиссиясында аттестаттаудан өту;

5 5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы;

6 6) соттылығының болмауы;

7 7) жиырма бес жасқа толуы;

8 8) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы.

2 2. Осы нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген біліктілік талабы теріс себептермен қызметінен босатылғандарды қоспағанда, мемлекеттік нотариус болып қызмет атқарған жұмыс өтілі бар адамдарға қолданылмайды.

3 3. Осы нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген біліктілік талабы мыналарға:

1

1) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін орындау кезінде теріс қылықтары мен заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға;

2 2) мемлекеттік нотариустарға қолданылмайды.

4 4. Алып тасталу көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

Қолданыстағы