Об утверждении Правил согласования программ производственного экологического контроля и требований к отчетности по результатам производственного экологического контроля
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил согласования программ производственного экологического контроля и требований к отчетности по результатам производственного экологического контроля
- Атауы (қаз.)
- Өндірістік экологиялық бақылау Бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 123-п
- Қабылданған күні
- 24.04.2007
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2013 AI33576_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004714_
- ЭКБ идентификаторы
- 33576
- Редакция идентификаторы
- AI33576_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:44
0 Өндірістік экологиялық бақылау Бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-баптың 29) тармақшасына сай БҰЙЫРАМЫН :
1 1. Бұйрыққа қоса тіркелген Өндірістік экологиялық бақылау
бағдарламасы мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша
есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелері бекітілсін.
2 2. Күшін жоғалтқан деп:
1
1) "Өндірістік мониторинг жүргізудің үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4101 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылдың 28 сәуірдегі N 76-77 (1056-1057) нөмірінде жарияланған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылдың 2 ақпандағы N 45-б бұйрығы ;
2
2) "Өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4359 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылдың 13 желтоқсандағы N 215 (1195) нөмірінде жарияланған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2006 жылдың 3 тамыздағы N 258-б бұйрығы .
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды келісу ережесі
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 24 сәуірдегі
N 123-Ө бұйрығымен бекітілген
Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды келісу ережесі
1 1. Осы Ереже өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды келісу тәртібін анықтайды.
2 2. Осы Ереже I, II, III санаттағы нысандарды пайдаланатын, арнайы табиғатты пайдалану құқығы бар барлық жеке және заңды тұлғаларға арналған.
3 3. І, II, III санатты нысандары бар табиғат пайдаланушылар өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға жүгінеді.
4 4. Табиғатты пайдаланушымен әзірленген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы рұқсат беруші органға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға өтінім бергенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарда келісіледі.
Сонымен қатар, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын қарау мерзімі оның келіп түскен күнінен бастап он бес күнтізбелік күннен артық емес.
5 5. Технологиялық объектілерді пайдалануға бергенде, сондай-ақ қоршаған ортаға авариялық эмиссия жасағанда, табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органымен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органымен келісілген әсердің өндірістік мониторингін жүргізеді.
6 6. Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша жасалатын есеп ереженің қосымшасында көрсетілген нысанда ұсынылады.
7 7. Өндірістік экологиялық бақылау есептемесінде табиғат пайдаланушымен еркін түрде жасалған жұмыстарды орындау туралы түсініктеме хат қоса тіркелу керек.
8 8. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындау туралы
есептеме және оған қоса тіркелген түсініктеме хат қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға осы Ережелердің 9-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес тапсырылады.
9 Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есеп нысаны
9. Кезеңдік есептеме тапсыру кестесі:
атмосфераға шығарылған шығарындар мониторингісі бойынша есеп беру, есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде тапсырылады;
суға төгілген төгінділер мониторингісі бойынша есеп беру, есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
сулар мониторингісінің нәтижелері жыл сайын тапсырылады;
арыздар бойынша есеп беру (арыздар түскен жағдайда), есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
қалдықтар мониторингі бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
жердің ластану деңгейінің мониторингі бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
радиациялық мониторинг бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
санитарлық-қорғау аймағының шеңберінде әсер ету мониторингі (атмосфералық ауа, су ресурстары, топырақ жамылғысы) бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады.
Өндірістік экологиялық бақылау
бағдарламалары мен өндірістік
экологиялық бақылау нәтижелері
бойынша есеп беруге қойылатын
талаптарды келісу
ережесіне қосымша
Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есеп нысаны
1 кесте
1 1. Жалпы мәлімет
№ р/н
Өндірістік нысанның атауы (орналасқан жері)
Өндірістік үдерістің қысқаша сипаттамасы
Өндірістік экологиялық бақылау жиілігі
1
2
3
4
2 кесте
2 2. Зертхана туралы мәлімет
№ р/н
Аккредиттелген сынақ зертханасының атауы
Аккредиттелген сынақ зертханасы аттестатының нөмірі және мерзімі
Аккредиттелген сынақ зертханасының ауданы
1
2
3
4
3 кесте
3 3. Эмиссия мониторингі
3.1 3.1. Атмосфералық ауа
Шығарынды көзінің атауы (шығарынды көзінің нөмірі)
Ластаушы заттардың атауы
Бекітілген мөлшер (г/с; т/жыл)
Мониторингтің шынайы нәтижесі (г/сек; т/кв.; т/жыл)
Мөлшерден асуы немесе сақталуы (ШЖБШ)
Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар
1
2
3
4
5
6
3.2 3.2. Су ресурстары
Әсер ету көздерінің атауы (бақылау нүктелері)
Ластаушы заттардың атауы
Бекітілген мөлшер (мг/дм3; т/жыл)
Мониторингтің шынайы нәтижесі (мг/дм3; т/кв.; т/жыл)
Мөлшерден асуы немесе сақталуы (ШЖБТ)
Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар
1
2
3
4
5
6
3.3 3.3. Өндіріс және тұтыну қалдықтары
Қалдықтарды сақтау және көму орнының атауы (орналасқан жері)
Қалдықтардың түрлері
Қауіптілік деңгейі
Эмиссия мөлшері (т/кв.; т/г.)
Шынайы (т/кв.; т/г.)
Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша іс-шаралар
1
2
3
4
5
6
3.4 3.4. Жердің ластану деңгейінің мониторингі
Әсер ету көзінің атауы (бақылау нүктелері)
Ластаушы заттардың атауы
Бекітілген мөлшер (мг/кг)
Мониторингтің шынайы нәтижесі (мг/кг)
Мөлшерден асуы немесе сақталуы (ШЖБК, фон)
Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар
1
2
3
4
5
6
3.5 3.5. Радиациялық мониторинг
Әсер ету көзінің атауы (бақылау нүктелері)
Бекітілген мөлшер (мк3в/с)
Мониторингтің шынайы нәтижесі (мк3в/с)
Мөлшерден асуы немесе сақталуы (НРБ 99)
Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар
1
2
3
4
5
4 кесте
4 4. Санитарлық-қорғау аймағы шеңберінде әсер ету мониторингі
4.1 4.1. Атмосфералық ауа
Сынамалар алынатын нүкте
Ластаушы заттардың атауы
Шынайы концентрация
ШЖБШ мөлшері м.р., мг/м3
ШЖБШ жоғарылауы қысқаша
Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныс
1
2
3
4
5
6
4.2 4.2. Су ресурстары
Сынамалар алынатын нүкте
Ластаушы заттардың атауы
Шынайы концентрация
ШЖБШ мөлшері мг/л
ШЖБШ жоғарылауы қысқаша
Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныс
1
2
3
4
5
6
4.3 4.3. Топырақ жамылғысы
Сынамалар алынатын нүкте
Ластаушы заттардың атауы
Шынайы концентрация
ШЖБШ мөлшері мг/кг
ШЖБШ жоғарылауы қысқаша
Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныс
1
2
3
4
5
6
Ескерту: * бақылаудың жоспар-кестесіне сәйкес;
** ағымдағы жылы мониторингтің шынайы көрсеткіштері жарты жылдық және жылдық болып толтырылады.