Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туроператорской деятельности

Қаулы · № 481 · қабылданған 11.06.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-33590/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туроператорской деятельности Күшін жойған Қаулы ·№ 481 ·11.06.2007
25.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туроператорской деятельности

Күшін жойған Қаулы ·№ 481 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туроператорской деятельности
Атауы (қаз.)
Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
481
Қабылданған күні
11.06.2007
Көрсетілген редакция
25.12.2012 AI33590_8.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000481_
ЭКБ идентификаторы
33590
Редакция идентификаторы
AI33590_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:32

0 Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. Қоса беріліп отырған туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1 1) "Туристік қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1213 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 33, 428-құжат);

2 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 853 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 445-құжат);

3

3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 964 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 500-құжат).

3 3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»11 маусымдағы
N 481 қаулысымен
бекітілген
Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесі

1 Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 11 маусымдағы
N 481 қаулысымен
бекітілген
Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - талаптар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және өтініш берушінің туроператорлық қызметпен айналысу қабілетін сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығын айқындайды.

2 2. Туроператорлық қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

2 2. Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары

3 3. Туроператорлық қызметті жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптар:

1 1) қалыптастырылған туристік өнімнің;

2 2) қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғалармен (екі және одан астам) шарттардың;

3 3) туристік ваучер (жолдамалар) үлгісінің;

4 4) кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар туристік білімі бар кемінде бір қызметкердің;

5 5) кеңсеге арналған меншік немесе жалға алынған үй-жайдың;

6 6) туроператор туристік өнімге кіретін тұру, жол жүру жөніндегі қызметті, туризм нұсқаушысының қызметін дербес көрсеткен жағдайда, меншік немесе жалға алынған материалдық базасының;

7 7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартқа сәйкес келетін туристік қызмет көрсетуге арналған шарт жобасының;

8 8) туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуын қамтиды.

2 Қызметкерлердің саны және болуы туралы құжат

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 қыркүйектегі
N 879 қаулысына
қосымша
Қызметкерлердің саны және болуы туралы құжат
_______________________________
(өтініш берушінің атауы)
Р/с
N
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты, же­ке ку­ә­лі­гі­нің­нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­ні
Ла­у­а­зы­мы
Жұ­мыс өті­лі, оның ішін­де ту­ризм са­ла­сын­да
Но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған құ­жат­ты рас­тай­тын кө­шір­ме­нің қо­сым­ша­сы бар бі­лі­мі ту­ра­лы ди­пло­мы, ку­ә­лі­гі және бас­қа да құ­жат­та­ры бой­ын­ша бі­лі­гі (ма­манды­ғы)
Ма­манды­ғы бой­ын­ша  са­на­ты, раз­ря­ды, сы­ны­бы
1
2
3
4
5
6
М.О.                           Басшының қолы

Қолданыстағы