О некоторых вопросах Министерства юстиции Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства юстиции Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 141
- Қабылданған күні
- 16.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2015 33591_111566.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000141
- ЭКБ идентификаторы
- 33591
- Редакция идентификаторы
- 33591_111566
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:06
0 Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң
кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Бекiтiлген штат саны лимитінің шегiнде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы қаласының Әділет департаменті Наурызбай ауданының әділет басқармасы» және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шымкент қаласы Қаратау ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – мекемелер) құрылсын.
2 2. Мекемелерді қаржыландыру 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
3 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) мекемелердің ережелерін бекітсін және олардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) Алматы қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
4 4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 214-4 және 225-жолдармен толықтырылсын:
«214-4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шымкент қаласы Қаратау ауданының әділет басқармасы.»;
«225. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы қаласының Әділет департаменті Наурызбай ауданының әділет басқармасы.».