Об установлении рейтинговых агентств и минимального требуемого рейтинга для облигаций, с которыми банки могут осуществлять сделки, а также минимального требуемого рейтинга стран, с государственными ценными бумагами которых банки могут совершать сделки при осуществлении брокерской и (или) дилерской деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении рейтинговых агентств и минимального требуемого рейтинга для облигаций, с которыми банки могут осуществлять сделки, а также минимального требуемого рейтинга стран, с государственными ценными бумагами которых банки могут совершать сделки при осуществлении брокерской и (или) дилерской деятельности
- Атауы (қаз.)
- Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 128
- Қабылданған күні
- 30.04.2007
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2012 AI33599_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004717_
- ЭКБ идентификаторы
- 33599
- Редакция идентификаторы
- AI33599_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:41
0
Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 8-бабының 5-тармағына және 30-бабының 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1
1. Банктердің рейтингі"ВВВ-"-дан төмен емес ("Standard & Рооr's" және "Fіtсh" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа3" төмен емес ("Мооdу's Investors Service" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыра алатындықтары белгіленсін.
Банктер мәміле жасай алатын шетел эмитенттерінің облигацияларының рейтингін төмендету кезінде осы тармақта белгіленген деңгейден төмен мәмілелерді жүзеге асыра алады, аталған төмендету пайда болған айдан кейінгі алты күнтізбелік ай ішінде банктер өз қызметін осы тармақтың талаптарына сәйкестендіре жүргізеді.
2
2. Банктердің рейтингі"ВВ-"-дан төмен емес ("Standard & Рооr's" және "Fіtсh" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "ВаЗ" төмен емес ("Мооdу's Investors Service" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша), не жоғарыда аталған рейтинг агенттіктерінің ұлттық шәкілі бойынша "кzВВВ" төмен емес рейтинг бағасы бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыра алатындықтары белгіленсін.
Банктердің мәмілелерді осы тармақта белгіленгеннен төмен деңгейде жүзеге асыра алатындай болып, Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигацияларының рейтингі төмендеген кезде, банктер аталған төмендету пайда болған айдан кейінгі алты күнтізбелік ай ішінде өз қызметін осы тармақтың талаптарына сәйкестендіре жүргізеді.
2-1
2-1. Қазақстан Республикасының эмитентіне қатысты соттың қайтақұрылымдау жүргізу туралы шешімі бар болғанда, оның қайта құрылымдандырылатын облигациялары және өзге де міндеттемелері бар, осы қаулының 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін банктер қайта құрылымдау тоқтатылған айдан кейінгі он екі ай ішінде өз қызметін осы қаулының 2-тармағының талаптарына сәйкестендіре жүргізеді.
2-2 2-2. Осы қаулының талаптарына сәйкес келмейтін облигациялары бар банктер осы қаулының 2-1 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде аталған облигацияларды сатсын.
2-3
2-3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған), қайта құрылымдау аясында сатып алынған және осы қаулының 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін облигациялары бар банктер аталған облигацияларды қайта құрылымдау аяқталған жылдан кейінгі бес жылға дейінгі мерзімде сатсын.
3 3. Банктер осы қаулы қолданысқа енген күнде осы қаулының 1 және 2 тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген облигациялары қолда бар болған жағдайда 2012 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде аталған облигацияларды іске асырсын.
3-1
3-1. Екiншi деңгейдегi банктердiң ("Standard & Poor`s" немесе "Fitch" рейтинг агенттiктерiнiң жіктелуі бойынша) "ВВВ-"-дан төмен емес немесе ("Moody`s Investors Service" рейтинг агенттiгiнiң жіктелуі бойынша) "Ваа3"-тен төмен емес шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi бар елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарымен брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыра алатындықтары белгiленсiн.
3-2
3-2. Екiншi деңгейдегi банктер мемлекеттiк бағалы қағаздарымен брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi осы қаулының 3-1-тармағында айқындалған деңгейден төмен жүзеге асыра алатын елдердiң шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi төмендеген кезде брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын екiншi деңгейдегi банктер көрсетiлген төмендеу орын алған айдан кейiн келетiн үш күнтiзбелiк айдың iшiнде өз қызметiн осы қаулының 3-1-тармағының талаптарына сәйкес келтiредi.
4 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1
1) Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының және шетел эмитенттеріне арналған ең төменгі рейтингтің тізбесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 ж. 9 ақпандағы N 25 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2740 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 37-40, 1004-құжат);
2
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін белгілеу туралы" 2004 жылғы 9 ақпандағы N 25 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 45 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4151 тіркелген);