Қолданыстағы ред. 23.05.2007

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы от 23.05.2007 г. № 539 (Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы)

0

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының
«Қазакстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасы және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес және мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Ертайға жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.