Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының
«Қазакстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасы және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес және мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Ертайға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.