Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании деятельности по осуществлению археологических и (или) научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании деятельности по осуществлению археологических и (или) научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры
- Атауы (қаз.)
- Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 495
- Қабылданған күні
- 14.06.2007
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2012 AI33649_10.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000495_
- ЭКБ идентификаторы
- 33649
- Редакция идентификаторы
- AI33649_10
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:31
0 Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.11.2011 № 1385 (30.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2 2) тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе)ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2
2. "Археология және тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі 662 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., 28, 273-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 14 маусымдағы
N 495 қаулысымен
бекітілген
Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
7 Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 14 маусымдағы
N 495 қаулысымен
бекітілген
Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1 1) тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі лицензияны алуға өтініш берушілер үшін:
жоғары білімі (археология, тарих) және археология саласында кемінде үш жыл тиісті жұмыс өтілі бар ғылыми жетекшілердің;
тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтардың;
тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстар жөніндегі жобалардың;
өтініш берушінің тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсынымдық хатының;
2
2) тарих пен мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі лицензияны алуға өтініш берушілер үшін: жоғары немесе арнайы орта білімі (сәулет, қалпына келтіру) және тарих пен мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-қалпына келтіру жұмыстары саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар ғылыми жетекшілердің;
тарих пен мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын мамандандырылған жабдықтардың;
тарих пен мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-келтіру жұмыстары жобаларының болуын қамтиды.