Об утверждении Правил доступа к музейным предметам и музейным коллекциям, находящимся в хранилище музея
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил доступа к музейным предметам и музейным коллекциям, находящимся в хранилище музея
- Атауы (қаз.)
- Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 154
- Қабылданған күні
- 25.05.2007
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2021 33651_554972.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004725_
- ЭКБ идентификаторы
- 33651
- Редакция идентификаторы
- 33651_554972
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:35
0 Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Тарихи-мәдени мұра департаменті белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 «Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушының
2007 жылғы 25 мамырындағы
№ 154 бұйрығымен бекітілген
«Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына (бұдан әрі – музей заттары) қол жеткізу тәртібін белгілейді.
2 2. Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу тәртібі
2 2. Музейдің сақтау қоймасына қол жеткізу музей заттарының сақталуына жауапты музей қызметкерімен қамтамасыз етіледі (бұдан әрі – сақтаушы).
3
3. Сақтау қоймасына әрбір кіру сақтаушымен жүргізілетін сақтау қоймасына келу журналында белгіленеді. Сақтау қоймасына келу журналында сақтау қоймасына келушілердің мерзімі, уақыты және келу мақсаты, тегі және аты мен әкесінің атының бірінші әріптері жөнінде жазба енгізіліп, сақтаушының және келушінің қолдары қойылады.
Сақтау қоймасына келу журналы байланады, нөмірленеді және соңғы жазба енгізілгеннен кейін сақтаушының қолы қойылып, музейдің мөрімен басылады.
4 4. Музей қызметкерлері сақтау қоймасына тек өндірістік қажеттілікпен кіреді.
5 5. Музей заттарын музей аумағының шегінде сақтау қоймасынан уақытша пайдалануға тапсыру сақтаушы мен музей қызметкерлері арасында осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тапсыру актісімен ресімделеді.
Музей заттарын сақтау қоймасына қабылдау осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайтару актісімен ресімделеді.
6 6. Жеке тұлғалар сақтау қоймасына музей сақтаушысымен берілген бір реттік рұқсат қағазымен кіре алады. Рұқсат қағазы келушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) сақтау қоймасында болған уақыты, келу мақсаты туралы мәліметті қамтыйды.
Бір реттік рұқсат қағазы келуші сақтау қоймасына кіріп шыққаннан кейін қор сақтаушыда қалады.
1 Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________
(музейдің толық атауы)
Осы акт « » ___________ 20 __ жылы _____________________________________
_______________________________________________________________ __________
(музейдің бас қор сақтаушысының аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
_______________________________________________________________ ___________
(музейдің қор сақтаушысының аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
құрамымен төмендегі музей заттарын және (немесе) музей коллекцияларын:
« » ________ 20 __ жылға дейін тапсырғандығы, ал ________________________
_______________________________________________________________ ___________
(аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) қолы
уақытша пайдалануға ______________________________________ мақсатында қабылдағаны туралы жасалды:
№ р/с
Музей затының және (немесе) музей коллекциясының атауы және олардың қысқаша сипаттамасы
Музей затының және (немесе) музей коллекциясының саны
Музей затының және (немесе) музей коллекциясының шифрі
Музей затының және (немесе) музей коллекциясының сақталуы
Ескерту
1
2
3
4
5
6
Мен,________________________________________________________________
(көрсетілген музей заттарын және (немесе) музей коллекцияларын қабылдаған
____________________________________________________________________
тұлғаның аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, лауазымы)
көрсетілген музей заттарын және (немесе) музей коллекцияларын қабылдаймын,
және олардың сақталуын қамтамасыз етемін және осы актіде белгіленген
мерзімде қайтарамын.
2 Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
____________________________
(музейдің толық атауы)
Осы акт « » ___________ 20 __ жылы _____________________________________
_______________________________________________________________ ___________
(музейдің бас қор сақтаушысының аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
_______________________________________________________________ ___________
(музейдің қор сақтаушысының аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
құрамымен төмендегі музей заттарын және (немесе) музей коллекцияларын:
« » ________ 20 __ жылға дейін тапсырғандығы, ал ________________________
_______________________________________________________________ ___________
(аты, жөні, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) қолы
« » ________ 20 __ жылы қайтарғаны туралы жасалды: