Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью должностных лиц местных исполнительных органов в области экологической экспертизы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью должностных лиц местных исполнительных органов в области экологической экспертизы
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 160-п
- Қабылданған күні
- 24.05.2007
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2012 AI33685_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004740_
- ЭКБ идентификаторы
- 33685
- Редакция идентификаторы
- AI33685_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:36
0 Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабындағы 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1 1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 сәуірде N 3602 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылғы 13 қазанда N 18 (923) жарияланған "Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесі бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 121-ө бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі аумақтық басқармаларының, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының мәліметіне жеткізілсін.
4 4. Осы бұйрық ол ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесі
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 24 мамырдағы
N 160-Ө бұйрығымен бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесі
Барлық мәтін бойынша "Аумақтық басқармалар", "Аумақтық басқармаларға", "Аумақтық басқарманың", "Аумақтық басқарма", "Аумақтық басқармалармен" деген сөздер "Аумақтық бөлімшелер", "Аумақтық бөлімшелерге", "Аумақтық бөлімшенің", "Аумақтық бөлімше", "Аумақтық бөлімшелермен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.11.05 N 236-ө (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
Барлық мәтін бойынша "Министрлікке", "Министрліктің", "Министрлік", "Министрлігінде" деген сөздер "уәкілетті органға", "уәкілетті органның", "уәкілетті орган", "уәкілетті органда" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.11.05 N 236-ө (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген.
2 2. Осы Ереже қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін анықтайды.
3 3. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары (бұдан әрі - Аумақтық бөлімшелер) Қазақстан Республикасындағы барлық экологиялық сараптамалық қызметтің үйлестіруін орындайды.
4
4. Мемлекеттік экологиялық сараптама саласында қызметтерді жүзеге асыратын облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - Жергілікті органдар) лауазымды тұлғаларына облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменттері/басқармалары сараптамалық құрылымдарының қызметкерлері жатады.
5 5. Жергілікті органның сараптамалық құрылымының басшысы Жергілікті органның тағайындау рәсіміне сәйкес тағайындалады және босатылады.
6 6. Бақылауды жүзеге асыру мақсаты мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізетін Жергілікті органдардың қызметін экологиялық заңнамамен, экологиялық нормативтермен және осы Ережемен сәйкестігіне тексеру болып табылады.
7 7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті органдар уәкілетті органға және оның Аумақтық бөлімшелеріне есепті.
2 2. Бақылауды ұйымдастыру тәртібі
8 8. Жергілікті органдардың сараптау бөлімшелерінің сарапшылары II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастырады және жүргізеді.
9 9. Қазақстан Республикасында экологиялық-сараптамалық қызметті жүргізуге жалпы бақылауды уәкілетті органның сараптамалық құрылымы жүзеге асырады.
10
10. Жергілікті жерде мемлекеттік экологиялық сараптаманы орындау саласындағы Жергілікті органдарының қызметіне бақылау Аумақтық бөлімшенің экологиялық реттеу бөлімдері сараптама объектілерін қарастыру тәртібі мен рәсіміне жалпы басшылық арқылы және Жергілікті органдардың сараптамалық құрылымдарын мерзімді жоспарлы тексеру үдерісінде жүзеге асырады.
3 3. Тексеруді жүргізу тәртібі
11 11. Аумақтық бөлімшелер Жергілікті органдардың сараптамалық құрылымдарына мерзімді (жоспарлы) тексерісті жүзеге асырады.
12 12. Жергілікті органдардың сараптамалық құрылымдарына жоспарлы тексерістерді жүргізудің мерзімділігі жарты жылда бір реттен сирек емес, Аумақтық бөлімше басшысы бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асады.
13 13. Аумақтық бөлімше жоспарлы тексерісті жүргізу туралы Жергілікті органды 15 күн бұрын хабарлайды.
14 14. Аумақтық бөлімше мемлекеттік экологиялық сараптама саласында қызметті жүзеге асыратын Жергілікті органның сараптамалық құрылымдарына жоспарлы тексеріс жүргізудің мерзімін, көлемін және тәртібін белгілейді.
Тексеруге соңғы тексерістен кейін өткен мерзім үшін Жергілікті органмен жүргізілетін барлық экологиялық-сараптамалық қызметі жатады.
15
15. Жергілікті органдардың сараптамалық құрылымдарына жоспардан тыс тексеріс Аумақтық бөлімшенің экологиялық реттеу бөлімімен жүргізіледі, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысында экологиялық заңнамасын, экологиялық нормативтерін өрескел бұзушылық айқындалған жағдайда, сондай-ақ жергілікті өкілетті немесе атқару органдарының, табиғат пайдаланушыларының, қоғамдық ұйымдардың, сот және прокуратура ұйымдарының бастамашылығымен уәкілетті органның сараптамалық құрылымының қатысуымен жүргізіледі.
Жоспардан тыс тексерістер мақсатты сипатта, нақты сараптама объектісі немесе Жергілікті органның әрекеті бойынша жүргізіледі.
16
16. Жергілікті органды тексеру нәтижесі тексерісті жүзеге асырып отырған сараптамалық құрылымның өкілі қол қоятын Хаттамамен (N 1 қосымша) рәсімделеді. Тексеріс хаттамасы 2 данада жасалады, біреуі тексерісті жүзеге асырған органда қалады, екіншісі - ескертулерді жою жөніндегі шаралар үшін Жергілікті органға жіберілді.
4 4. Есептілік тәртібі
17
17. Экологиялық сараптама жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Жергілікті орган сараптама объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама орындау жөніндегі Аумақтық бөлімше алдында есеп береді. Жергілікті органдар ай сайын 30 күніне дейін жолдама құжаттарымен берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытынды көшірмесін Аумақтық бөлімшелерге ұсынады.
18 18. Тоқсанға, жартыжылдыққа, 9 ай және жылдық есептер Аумақтық бөлімшеге белгіленген нысанда (N№2 қосымша) есептік кезеңнің соңғы айының 25 күнінен кешіктірмей ұсынылады.
5 5. Тексеріс нәтижелері және ұсынылған есептер бойынша шаралар қолдану
19
19. Жүргізілген тексеріс нәтижесі және ұсынылған есеп бойынша Жергілікті органмен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылығы айқындалған жағдайда, уәкілетті органның, Аумақтық бөлімшенің сараптамалық құрылымдар басшылары мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын Жергілікті органдармен берілген мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қайтара алады және күшін жоя алады.
20 20. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қайтарып алу және күшін жою жөнінде Жергілікті орган, сараптама бастамашысы, сонымен қатар банктер және қаржылық мекемелер хабарландырылады.
21 21. Аумақтық бөлімшелер мен Жергілікті органдардың арасындағы мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы туатын келіспеушіліктер хаттамамен рәсімделеді, мүдделі тараптардың пікірін ескере отырып, Министрлігінде қарастырылады.
1 ______________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) сараптамалық құрылымын тексеру хаттамасы
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 24 мамырдағы
N 160-ө бұйрығымен бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың
лауазымды тұлғаларының мемлекеттік
экологиялық сараптама саласындағы
қызметіне бақылауды жүзеге асыру
ережесіне 1 қосымша
______________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) сараптамалық құрылымын тексеру хаттамасы
200___жылғы "__" ________
Қатысқандар:
Аумақтық бөлімшеден:
Жергілікті органнан:
200____жылғы__________кезеңінде орындалған сараптама нәтижелерін қарастырды:
(орындалған мемлекеттік экологиялық сараптамаларды атап шығу)
Тексеріс нәтижесінде мынадай қорытындыларда бұзушылық айқындалды (бұзушылықтарды атап шығу, бұзушылық сипаттамасы):
Шешім қабылданды:
Лауазымы Қолы Аты-жөні
2 200_____жылғы _______тоқсан (жартыжылдық, жыл) үшін ___________________облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің/басқарманың орындалған мемлекеттік экологиялық сараптамалары жөнінде есеп
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 24 мамырдағы
N 160-ө бұйрығымен бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың
лауазымды тұлғаларының мемлекеттік
экологиялық сараптама саласындағы
қызметіне бақылауды жүзеге асыру
ережесіне 2 қосымша
Кімге ұсынылады:
№43-а нысаны сараптама)
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі
Есептік кезеңнің соңғы айының 25 күніне дейін
ұсынылады (тоқсан сайын)
200_____жылғы _______тоқсан (жартыжылдық, жыл) үшін ___________________облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің/басқарманың орындалған мемлекеттік экологиялық сараптамалары жөнінде есеп
NN
р/р
Жобалық
құжаттар
түрі
Қарастырылған құжаттар саны
Келісілген құжаттар саны
Есептік кезеңнің соңында қарастыруға қалдырылды
1
2
3
4
5
6
7
Барлығы:
Бұлардың
ішінен
штаттан тыс
сарапшылар-
ды тарту
арқылы қарастырылды
Сараптамалық құрылым басшысы
Қолы _____________ Аты-жөні___________________________________