Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по проведению тестирования аттестуемых лиц в области здравоохранения

Бұйрық · № 336 · қабылданған 01.06.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-33740/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по проведению тестирования аттестуемых лиц в области здравоохранения Күшін жойған Бұйрық ·№ 336 ·01.06.2007
06.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по проведению тестирования аттестуемых лиц в области здравоохранения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 336 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по проведению тестирования аттестуемых лиц в области здравоохранения
Атауы (қаз.)
Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушы адамдарды тестілеуді өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
336
Қабылданған күні
01.06.2007
Көрсетілген редакция
06.11.2009 AI33740_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004695_
ЭКБ идентификаторы
33740
Редакция идентификаторы
AI33740_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:33

0 Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушы адамдарды тестілеуді өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес, "Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 1115 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушы адамдарды тестілеуді өткізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2004 жылғы 17 наурызда N 2743 тіркелген, "Официальная газетаның" 2004 жылғы 10 сәуірдегі N 15 санында жарияланған "Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушыларды тестілеудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 246 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті (Е. М. Мусин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж. М. Мұхамеджанов) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберілсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ. Т. Омаровқа жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушы адамдарды тестілеуді өткізу жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2007 жылғы»1 маусымдағы
N 336 бұйрығымен
бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушы адамдарды тестілеуді өткізу жөніндегі нұсқаулық

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Тестілеуді өткізудің мақсаты - жергілікті денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдары, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары, олардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының және республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшылары орынбасарларының, сондай-ақ облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының (бұдан әрі аттестатталушы адамдар) кәсіби құзыреті мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білу деңгейін объективті бағалау.

2 2. Тестілеуді медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдары (бұдан әрі - жергілікті органдар) өткізеді.

3 3. Тестілеу компьютерде өткізіледі.

4 4. Тестілеу 3-кезеңнен тұрады:

1 1) тестілеуге дайындалу;

2 2) аттестатталушы адамдардың тестіден өтуі;

3 3) аттестатталушы адамдарға тестілеудің қорытындыларын беру.

2 2. Тестілеуге дайындалу

5 5. Тестілеу кезінде мемлекеттік орган аттестатталушы адамдарды нұсқаулықпен таныстыруы тиіс.

6 6. Тестілеу кезінде аттестатталушы адамдардың әңгімелесуіне және тестілеу өткізілетін үй-жайдан шығуына болмайды.

7 7. Тестілеу сәтінде өзін-өзі нашар сезінген аттестатталушы адам ол туралы тестілеу басталмай тұрып мемлекеттік органның маманын хабардар етуі тиіс.

3 3. Аттестатталушы адамдардың тестілеуден өтуі

8 8. Тест тапсырмаларын орындауға берілген жалпы уақыт - 90 минут (100 сұрақ).

9 9. Тесті орындауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін бағдарлама автоматты түрде жабылады.

4 4. Аттестатталушы адамдарға тестілеу қорытындыларын беру

10 10. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын санау орнатылған компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Тестілеудің қорытындылары екі данада принтерде басып шығарылады, оның біреуі аттестатталушы адамға дереу беріледі.

11 11. Дұрыс жауаптар аттестатталушы адамдарға арналған сұрақтардың жалпы санының 70%-нен кем болғанда тестілеудің қорытындысы теріс деп есептеледі.

12 12. Тестілеуден өту кезінде тестілеудің теріс қорытындысын алған аттестатталушы адам аттестатталмаған деп есептеледі және аттестаттаудың екінші кезеңіне (әңгімелесуге) жіберілмейді.

13 13. Тестілеудің қорытындылары аттестаттауды өткізген органда сақталады және аттестатталушы адамның жеке ісінде 3 жыл бойы сақталады.

14 14. Тестілеу кезінде туындаған дауларды мемлекеттік орган құрған апелляциялық комиссиялар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.

Қолданыстағы