Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил доступа к фондам библиотек через заочные или внестационарные формы обслуживания для лиц с инвалидностью или лиц преклонного возраста

Бұйрық · № 153 · қабылданған 25.05.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-33745/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил доступа к фондам библиотек через заочные или внестационарные формы обслуживания для лиц с инвалидностью или лиц преклонного возраста Қолданыста Бұйрық ·№ 153 ·25.05.2007
01.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил доступа к фондам библиотек через заочные или внестационарные формы обслуживания для лиц с инвалидностью или лиц преклонного возраста

Қолданыста Бұйрық ·№ 153 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил доступа к фондам библиотек через заочные или внестационарные формы обслуживания для лиц с инвалидностью или лиц преклонного возраста
Атауы (қаз.)
Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
153
Қабылданған күні
25.05.2007
Көрсетілген редакция
01.12.2022 33745_607490.kaz
Соңғы өзгеріс
01.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004749_
ЭКБ идентификаторы
33745
Редакция идентификаторы
33745_607490
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:35

0 Мүгедектігі бар адамдарға немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасын бекіту туралы

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдарға немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасы бекітілсін.

2 2. Тарихи-мәдени мұра департаменті белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Мүгедектігі бар адамдарға немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасы

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушының
2007 жылғы 25 мамырдағы
N 153 бұйрығымен бекітілген
Мүгедектігі бар адамдарға немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасы

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мүгедектігі бар адамдарға немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидалары «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 24-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапханалар қорларына қолжетімділік тәртібін анықтайды. Сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары халыққа қызмет көрсету бойынша кітапханалар қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.

2

2. Кітапхана қосыны - штаттық қызметкер немесе келісімшартқа отырған қоғамдық-кітапханашы жұмыс істейтін кітапхананың аумақтық оқшауланған бөлімшесі. Кітапхана қосындары кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен келісімшарт бойынша, сондай-ақ стационарлық кітапханасы жоқ елді мекендерде ұйымдастырылады.

3

3. Көшпелі оқу залы (дауыстап оқумен) - ұйым мен кітапхана арасындағы жасалған келісімшарт негізінде, айдың белгілі бір күндері мен сағатында тұтынушыларға баспа басылымдары (кітаптар, кітапшалар, газеттер, журналдар) (бұдан әрі - баспа басылымдары) және материалдармен (CD-дискілер, дискеттер, флэш-порттар, микрофильмдер, аудио және видеобасылымдар) (бұдан әрі - материалдар) тұрып жатқан жерлерінде (қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға) танысуға мүмкіндік беретін стационардан тыс кітапханалық қызмет көрсету нысаны.

4 4. Сырттай немесе стационардан тыс кітапханалық қызмет көрсету - кітапханадан тыс жерлерде тұтынушыларға бірқалыпты қызмет көрсетуге, олардың сұраныстарын қанағаттандыруға арналған қызмет.

5 5. Сырттай абонемент - баспа басылымдары мен материалдарды тұтынушының тікелей тұрақты жеріне пошта арқылы жөнелту жолымен қызмет көрсететін кітапхана абонементі.

6 6. Мүгедектігі бар адамдарға - тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттілігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам.

7 7. Ұжымдық абонемент - еңбек ұжымында, сыныптарда, өндірістік учаскеде келісімшарт негізінде қызмет көрсету нысаны.

8 8. Егде жастағы адамдар - 58-ден жоғары жастағы тұтынушылар.

9 9. Үй абонементі - тұтынушыға баспа басылымдарын және материалдарды үйінде алуға мүмкіндік беретін кітапхана абонементі.

10 10. Жылжымалы кітапхана - кітапхана қызметімен алыс аймақтардағы тұтынушыларға қызмет көрсетуге арналған абонемент.

2 2-тарау. Сырттай немесе стационардан тыс кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

11 11. Сырттай немесе стационардан тыс кітапханалық қызмет көрсету нысандарының міндеті мүгедектігі бар адамдарға немесе егде жастағы адамдардың ақпаратқа қолжетімділігі құқығын оның сұраныстары мен мүдделеріне сәйкес қамтамасыз ету болып табылады.

12 12. Барлық мемлекеттік кітапханалар сырттай немесе стационардан тыс нысандар арқылы мүгедектігі бар адамдарға немесе егде жастағы адамдарға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді.

13 13. Сырттай және стационардан тыс кітапханалық қызмет көрсету нысандарына кітапхана қосындары, сырттай, үй, ұжымдық абонементтер, көшпелі оқу залдары, жылжымалы кітапханалар енеді.

14 14. Сырттай немесе стационардан тыс кітапханалық қызмет көрсетуді қаржыландыру ұйымдастыруға, қорды қоса, көлік қызметіне, орын-жайға және басқа шығындарға қаралған жыл сайын бекітілетін бюджет есебінен жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Сырттай немесе стационардан тыс нысандар арқылы көрсетілетін қызметтер

15 15. Сырттай немесе стационардан тыс кітапханалық қызметімен тұтынушыларға келесі қызметтер ұсынылады:

1 1) ақпарат көздерін іздеу және таңдауда анықтамалық және консультациялық көмек;

2 2) кітапхана қорында нақты баспа басылымдары мен материалдардың бар болуы туралы ақпарат ұсыну;

3 3) оқырманның сұранымы бойынша толық мәтіндегі ғылыми деректер базасынан, онлайн каталогтарынан ақпаратты іздеу және ұсыну;

4 4) өз қорларындағы және басқа кітапханалардың қорларынан баспа басылымдары мен материалдарды (олардың көшірмелері), сонымен қатар электрондық поштаны қолдану арқылы ұсынады.

16 16. Көрсетілген қызметтерді ұсынуға тапсырыстар ауызша (телефон арқылы) немесе жазбаша түрде (өтінім бланкі, электрондық пошта арқылы) қабылданады.

Қолданыстағы