Алакөл ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 31 бабы, 4 тармағының 2 тармақшасына және 41 бабының 4 тармағының 2 тармақшасына сәйкес Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алакөл ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы от 04.05.2007 г. № 55-2 (Алакөл ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы)
1. Алакөл ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек төленсін.
2. Аудандық каржы бөлімі (Самалбаева F.Ө) әлеуметтік көмектің аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
3. Аудандық білім бөлімі (Қысталасова Қ.Ж) ауылдық жерлердегі мектептердегі қызметкерлердің жеке куәлігінің нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі қоса көрсетілген тізімдерін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылуын қамтамасыз етсін.
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Т.Жазыбекұлы) аудандық білім бөлімі тапсырған тізімдерге сәйкес бөлінген қаржының шегінде әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі.