Алакөл ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Алакөл ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 31 бабы, 4 тармағының 2 тармақшасына және 41 бабының 4 тармағының 2 тармақшасына сәйкес Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алакөл ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек төленсін.
Тармақ 2
2. Аудандық каржы бөлімі (Самалбаева F.Ө) әлеуметтік көмектің аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық білім бөлімі (Қысталасова Қ.Ж) ауылдық жерлердегі мектептердегі қызметкерлердің жеке куәлігінің нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі қоса көрсетілген тізімдерін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Т.Жазыбекұлы) аудандық білім бөлімі тапсырған тізімдерге сәйкес бөлінген қаржының шегінде әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі.