Аудан көлеміндегі базарларда саудамен
және әртүрлі шағын кәсіпкерлікпен
шұғылданатын жеке және заңды
тұлғалардан алынатын бір жолғы
талонның құнының мөлшері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Казақстан Республикасы Заңының 6 және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 373 баптарын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ КАБЫЛДАДЫ:
Аудан көлеміндегі базарларда саудамен және әртүрлі шағын кәсіпкерлікпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның құнының мөлшері туралы от 21.05.2007 г. № 29-293-III (Аудан көлеміндегі базарларда саудамен және әртүрлі шағын кәсіпкерлікпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның құнының мөлшері туралы)
1. Үржар ауданының базарларында саудамен және әртүрлі шағын кәсіпкерлікпен шұғылданатын азаматтардан күніне бір жолғы талондардың
құны:
- табын бақташыларынан:
100 бас ірі қараға - 85 теңге,
100 бас ұсақ малға - 40 теңге;
бал сатуға - 100 теңге;
сыпыртқы сатуға - 60 теңге;
санырауқұлақ сатуға - 45 теңге;
авто-мотокөлік сатуға - 150 теңге;
балмұздақ, сусын сатуға - 70 теңге;
кәуап сатуға - 200 теңге;
пирожки, чебурек сатуға - 45 теңге.
2. Алакөл көлінің жағалауында:
-кәуап, тауық етін сатуға - 250 теңге,
-балмұздақ, сусын сатуға - 150 теңге;
-пирожки, чебурек сатуға - 85 теңге;
-жеміс-жидек сатуға - 150 теңге;
-шекілдеуік сатуға - 45 теңге;
-сүт және сүт өнімдерін сатуға - 30 теңге;
-сүрленген балық сатуға - 70 теңге;
-қой, ешкі сатуға (бір басқа) - 130 теңге;
-өндірістік тауарлар сатуға - 175 теңге.
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 маусымынан қолданысқа енеді.