Об утверждении квалификационных требований к деятельности по перевозке опасных грузов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении квалификационных требований к деятельности по перевозке опасных грузов
- Атауы (қаз.)
- Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 534
- Қабылданған күні
- 27.06.2007
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2012 AI33832_10.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000534_
- ЭКБ идентификаторы
- 33832
- Редакция идентификаторы
- AI33832_10
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:27
0 Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 N 1567 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2 2) қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»27 маусымдағы
N 534 қаулысымен
бекітілген
Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1 Қауіпті жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 27 маусымдағы
N 534 қаулысымен
бекітілген
Қауіпті жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде өтiнiш берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1 1) теңiз және өзен көлiгiмен:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тиiстi бiлiктiлiгi бар жүзбелi көлiк құралының жинақталған кеме экипажының;
қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi жүзбелi көлiк құралдарының;
жүзбелi көлiк құралымен қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн растайтын кеме қатынасы тiркелiмi немесе бiлiктiлiк қоғамы қорытындысының;
көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды;
2 2) автомобиль көлiгiмен:
қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған меншiк құқығындағы, жалдау шарты немесе сенiмхат негiзiндегi автокөлiк құралдарының;
көлiк құралының жүргiзушiсiнде тиiстi санаттағы жүргiзушi ретiнде кемiнде 3 жыл үзiлiссiз жұмыс өтiлiнiң;
жүргiзушiнi қауiптi жүктi тасымалдауға жiберу туралы куәлiктiң;
автокөлiк құралын қауiптi жүктi тасымалдауға жiберу туралы куәлiктiң;
көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.