Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований к деятельности по перевозке пассажиров

Қаулы · № 544 · қабылданған 28.06.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-33849/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований к деятельности по перевозке пассажиров Күшін жойған Қаулы ·№ 544 ·28.06.2007
20.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований к деятельности по перевозке пассажиров

Күшін жойған Қаулы ·№ 544 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований к деятельности по перевозке пассажиров
Атауы (қаз.)
Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
544
Қабылданған күні
28.06.2007
Көрсетілген редакция
20.11.2012 AI33849_12.kaz
Соңғы өзгеріс
20.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000544_
ЭКБ идентификаторы
33849
Редакция идентификаторы
AI33849_12
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:27

0 Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 28 маусымдағы
N 544 қаулысымен
бекітілген
Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

1 Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 28 маусымдағы
N 544 қаулысымен
бекітілген
Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) темір жол көлігімен:

аттестатталған мамандардың (мамандардың тізбесін, аттестаттауды жүргізу тәртібін және қажетті білім көлемін көлік саласындағы уәкілетті орган белгілейді);
жолаушылар тасымалдауға арналған, тасымалдау үдерісі қауіпсіздігінің техникалық талаптарына сәйкес келетін жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі жылжымалы құрамның;
тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың;
жылжымалы құрамның паркін және басқа да өндірістік активтерді сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламалардың;
жолаушылар тасымалдау кезінде авариялық жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ авариялардың салдарын жою үшін қажетті құралдар мен ұтқыр бөлімшелердің (оның ішінде шарт бойынша) болуын қамтиды;

2 2) қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және халықаралық қатынастарда автобустармен, микроавтобустармен:

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылған талаптар» техникалық регламенті мен «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар» 1040-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке меншік құқығына жататын, жалға беру шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде автобустар мен микроавтобустардың;
автобустар мен микроавтобустарда тахографтардың және оларды Салыстырып тексеру туралы тиісті сертификаттың;
автобустар мен микроавтобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамға мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу туралы қолданыстағы куәліктердің;
автобустар мен микроавтобустардың жүргізушілерінде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің;
жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының не ұйыммен(-дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың;
автобустар мен микроавтобустарға рейс алдындағы техникалық байқау және жүргізушілерге рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру жүргізу үшін білікті персоналдың (инженер-механиктің) (медициналық қызметкердің) немесе осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың;
тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны белгілей отырып, бұйрық көшірмелерінің болуын қамтиды.

2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»28 маусымдағы
N 544 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1 1. "Қазақстан Республикасындағы теңіз және өзен көлігінде жолаушылар мен жүк, қауіпті жүктер тасымалын лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 23, 203-құжат).

2 2. "Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды және жүктерді, қауіпті жүктерді тасымалдауды лицензиялау туралы тәртіпті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы N 29 шілдедегі 714 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 24, 212-құжат).

3

3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасында көліктегі қызметті лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1095 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 30, 388-құжат).

4 4. "Қазақстан Республикасында көліктегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері»туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі N 794 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., 22, 243-құжат).

5 5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қарашадағы N 1165 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 44, 474-құжат).

6 6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы"»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы N 842 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 29, 393-құжат).

7 7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885 және 1998 жылғы 29 шілдедегі N 714 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1450 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 669-құжат).

8 8. "Автомобиль көлігі саласында лицензиялау ережесін, соның ішінде лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы N 29 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 2, 12-құжат).

9 9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 және 2002 жылғы 17 шілдедегі N 794 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 893 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 34, 464-құжат).

Қолданыстағы