Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил разработки Декларации промышленной безопасности

Бұйрық · № 88 · қабылданған 29.05.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-33855/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил разработки Декларации промышленной безопасности Күшін жойған Бұйрық ·№ 88 ·29.05.2007
08.10.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил разработки Декларации промышленной безопасности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 88 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил разработки Декларации промышленной безопасности
Атауы (қаз.)
Өнеркәсіптік қауiпсiздiк декларациясын әзірлеу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
88
Қабылданған күні
29.05.2007
Көрсетілген редакция
08.10.2012 AI33855_4.kaz
Соңғы өзгеріс
08.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004759_
ЭКБ идентификаторы
33855
Редакция идентификаторы
AI33855_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:34

0 Өнеркәсіптік қауiпсiздiк декларациясын әзірлеу ережесін бекіту туралы

"Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Заңға сәйкес және қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіздігін декларациялауды ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

1 1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік қауiпсiздiк декларациясын әзірлеу ережесі бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының "Өнеркәсіптік объектінің қауiпсiздiк декларациясын әзірлеу ережесін және Өнеркәсіптік объектінің қауiпсiздiк декларациясына сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы N 113 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестрінде N 1593 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Н.Қ. Бижановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

0 Өнеркәсіптік қауiпсiздiк декларациясын әзірлеу ережесі

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2007 жылғы 29 мамырдағы
N 88 бұйрығымен
бекітілген
Өнеркәсіптік қауiпсiздiк декларациясын әзірлеу ережесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ереже "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін әзірленген және кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және өздерінің құрамында өнеркәсіптік қауіпсіздігі міндетті түрде декларациялауға жататын объектілері бар басқа да заңды тұлғаларға (бұдан әрі - ұйымдар) таратылады.

2 2. Объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялау техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу және жою іс-шараларының тиімділігін және жеткіліктілігін бағалау, қауіпсіздік шараларын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

3 3. Осы Ережелерде "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 314 Заңға сәйкес көзделген терминдер мен анықтамалар қолданылады, сондай-ақ:

Объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін декларациялау (бұдан әрi - қауіпсіздік декларациясы) өнеркәсіптік объектідегі қауіптің сипаты мен ауқымы, техногендік төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдар жасау әзірлігі және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әзірленген іс-шаралары бейнеленген құжат болып табылады.

4 4. Қауiпсiздiк декларациясы жобаланатын, пайдаланудағы және пайдаланудан шығарылатын өнеркәсіптік объектiлері үшін әзiрленедi. Қауiпсiздiк декларациясы өнеркәсіптік өндірісті пайдалануға беру және пайдаланудан шығару кезеңдерінде сипатталады.

4-1 4-1. Қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы уәкілетті органның шешімі қауіпті өндірістік объекті иесінің сараптамалық қорытынды қосымшасымен бірге ерікті түрде берілген, арызы негізінде беріледі.

2 2-тарау. Қауiпсiздiк декларацияларын әзірлеу, бекіту, сараптама жасау және тіркеу

5

5. Қауiпсiздiк декларациясын өздерінің құрамында өндірістік қауіпсіздігі міндетті түрде декларациялауға жататын объектілері бар немесе осындай объектінің жобасына тапсырыс беруші болатын (бұдан әрі - декларант), дербес немесе шарт негізінде тартылған арнайы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге аттестатталған ұйымдар жүзеге асырады.

6

6. Қауіпсіздік декларациясы екi данада мемлекеттік, ресми тілдерде және электронды түрде рәсімделеді, ұйымның бірінші басшысы, сондай-ақ жобаланған өндірістік объектілер үшін жобаның тапсырыс берушісі бекітеді. Қауіпсіздік декларациясын бекіткен адам декларациядағы мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.

7

7. Қауіпсіздік декларациясы уәкілетті органмен аттестатталған ұйымда сарапталуға жатады. Қауіпсіздік декларациясы баспа кітапша және электронды түрде ұсынылады. Сараптама қорытындысы бойынша заңнамамен белгіленген мерзімде декларантқа сараптаманың қорытындысы беріледі, ал ескерту болған жағдайда қауіпсіздік декларациясы қайта әзірлеуге жіберіледі.
Декларант алынған ескертпелермен келіспеген жағдайда көтерілген мәселе бойынша өзінің көзқарасын негізге ала отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе сотқа шағымдалуға құқылы.

8 8. Уәкілетті органға тіркелу үшін декларация жоба құрамында немесе жеке құжатпен қағаз және электронды тасымалдағышта екі данада ұсынылады.

Уәкілетті орган қауіпсіздік декларациясына тіркеу нөмірін береді, олар барлық даналарының титулдық беттеріне қойылады.

9 9. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсіптік қауіпсіздігінің міндетті түрде декларациялауға жататын өнеркәсіптік объектілер туралы компьютерлік мәліметтер банкін жүргізеді, декларациялау рәсімінің орындалу барысын талдайды.

3 3-тарау. Қауіпсіздік декларациясын қайта қарау

Қолданыстағы