Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления финансовой отчетности в депозитарий

Бұйрық · № 197 · қабылданған 06.06.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-33859/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления финансовой отчетности в депозитарий Күшін жойған Бұйрық ·№ 197 ·06.06.2007
18.12.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления финансовой отчетности в депозитарий

Күшін жойған Бұйрық ·№ 197 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления финансовой отчетности в депозитарий
Атауы (қаз.)
Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
197
Қабылданған күні
06.06.2007
Көрсетілген редакция
18.12.2008 AI33859_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004763_
ЭКБ идентификаторы
33859
Редакция идентификаторы
AI33859_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:32

0 Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы

3

4 "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 18-тармақшасын іске асыру мақсатында

БҰЙЫРАМЫН :

1 1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2 2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы 6 маусымдағы
N 197 бұйрығымен
бекітілген
Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесі

1 1. Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) қаржылық есептілік депозитарийіне (бұдан әрі - депозитарий) қаржылық есептілікті беру тәртібін анықтайды.

Депозитарий - пайдаланушылар үшін ашық қатынаумен өткізетін, жыл сайын ұйымдармен тапсырылатын қаржылық есептіліктің электрондық дерекқоры.

2 2. Жария мүдделі ұйымдар жыл сайын есептіден кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарына сәйкес жасалған қаржылық есептілікті депозитарийге береді.

Еншілес ұйымдары бар жария мүдделі ұйымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарына сәйкес жасалған шоғырландырылған қаржылық есептілікті қосымша береді.

3 3. Жария мүдделі ұйымдар депозитарийге беретін қаржылық есептілік мынадай нысандарды қамтиды:

1 1) бухгалтерлік баланс;

2 2) пайда мен шығындар туралы есеп;

3 3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

4 4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп.

4 4. Қаржылық есептілік қағаз және электрондық тасығыштарда беріледі.

5 5. Жария мүдделі ұйымдар депозитарийге қаржылық есептілікті почтамен жіберген жағдайда почта ұйымының штемпелінде көрсетілген жіберу күні қаржылық есептілікті беру күні болып табылады.

6 6. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес электрондық мекен-жай бойынша жіберілген қаржылық есептілік электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып ұсынылады.

7 7. Егер ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс күніне келмесе, онда мерзімнің аяқталу күні мерзімі одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

8 8. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.

Қолданыстағы