Қолданыстағы ред. 09.10.2024 (Редакция 33866_725731.kaz)

Үй жануарлары мен құстарды ұстаудың Ережелері туралы от 24.05.2007 г. № 7-32 с (Үй жануарлары мен құстарды ұстаудың Ережелері туралы)

0

Үй жануарлары мен құстарды ұстаудың Ережелері туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Үй жануарлары мен құстарды ұстаудың Ережелері бекітілсін. (Қоса беріледі)

2

2. Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 19 наурыздағы №8-10с «Үй жануарларын ұстаудың Ережелері туралы» (2001 жылғы 11 сәуірдегі тіркеу №284) шешімін, 2003 жылғы 20 қарашадағы №9-2с «Үй жануарларын ұстаудың Ережелері туралы шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (2003 жылғы 23 желтоқсандағы тіркеу №1084) шешімін және 2006 жылдын 12 сәуірдегі №7-23с «Үй жануарларын ұстаудың Ережелері туралы шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (2006 жылғы 3 мамырдағы тіркеу №13-13-32) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
Келісілді
Уалиханов ауданының
мемлекеттік ветеринарлық
инспекторы
А.Жұбанышев
24.05.2007 ж.

3. ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ МЕН ҚҰСТАРДЫ ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы
24 мамырдағы № 7-32 с шешімімен
Бекітілген
ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ МЕН ҚҰСТАРДЫ ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

4. I- БӨЛІГІ

I- БӨЛІГІ

1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1

1) Осы Ережелер Кішкенекөл селосы мен Уалиханов ауданындағы барлық елді-мекендерінде тұратын үй жануарларының иелеріне, оның ішінде барлық меншікті ұжымдар мен ауыл-шаруашылық нысандарына, меншік түріне және ведомствалық бағыныштығына қарамастан қатысты болып табылады.

2

2) Үй жануарларын ұстаудың міндетті шарттары:
тіркеу, жыл сайын қайта тіркелу, аса қатерлі жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация жүргізу, паразитарлық ауруларға қарсы жұмыстарды өткізу, 2,5-3 айлық жастарынан бастап диагностикалық тіркеуден өткізу;
санитарлық-тазалық, ветериналық-санитарлық ережесі мен нормаларын сақтау.

3

3) Әкімшілік ауданнан тысқары сыртқа шығаруға және сатуға үлгімен белгіленген ветериналық куәлікті ресімдегеннен кейін рұқсат етіледі. Ол куәлікті беретін ауданның мемлекеттік ветеринарлық қызметі. Барлық өткізілген ветеринарлық алдын алу жұмыстары осы куәлікте көрсетіледі.

4

4) Елді-мекендердің аумағында үй жануарларын шомылдыруға, көшелер мен саябақтарда бағуға тиым салынады.

5

5) Аса қатерлі жұқпалы ауруларға күдікті жануарлар мал мамандарының шешімі бойынша алынып, бөлек қамауға қойылады.

2. 2. ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ИЕЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

2. ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ИЕЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

1

1) Жануарлардың иелері міндетті:
оларды биологиялық қабілеттігіне сәйкес ұстап, жануарларды қайырымдылықпен күтуге және ауырып қалған жағдайда ветеринарлық көмек жасауға;
олардың тұратын орындарын санитарлық талаптарға сәйкес ұстауға;
мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелері мамандарының талаптары бойынша үй жануарларын диагностикалық тексерістен өткізіп, емдеу-алдын алу шараларын жасау үшін уақытында әкелуге;
адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық сақтық шараларын ұстануға;
егер жануарлар адамды немесе басқа жануарларды тістеген жағдайда, тез арада медициналық немесе мал дәрігерлік мекемелеріне қарануы керек.
Жануарларды мал емдейтін мекемеге көрсетуге және карантин қоюға мал дәрігерлік мамандарының қарауымен әкелу қажет.

2

2) Өлген жануарлардың тәнін жою немесе жағу мал қорымдарында селолық округтердегі мал мамандарының бақылауымен жануарлар иесінің есебінен өткізіледі.

3

3) Бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариалық мамандарға хабарлауға және ветеринариалық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдану қажет.

3. 3. ЖАНУАРЛАР ИЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ

3. ЖАНУАРЛАР ИЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ

1

1) Әрбір жануар иесінің меншігінде саналады және меншік есебінде Заңмен қорғалады.

17. II- БӨЛІГІ

II- БӨЛІГІ

1. 1. ИТ ПЕН МЫСЫҚТЫ ҰСТАУ

1. ИТ ПЕН МЫСЫҚТЫ ҰСТАУ

1

1) Рұқсат етіледі:
қысқа байлауышпен тұмырықталған иттерді қыдыртуға;
егер жолаушыларға жайсыздық тудырып, кедергі жасамаса, жануарларды барлық көлік түрімен тасымалдауға.

2

2) Тиым салынады:
қоғамдық жерлерде байлауышсыз, тұмырықталмаған итпен жүруге және қыдыртуға;
спорттық және балалар алаңдарын, тротуарлар мен саябақ аумақтарын жануарлардың ластауына;
қоғамдық жерлерде, көшелер мен саябақтарда иесіз жүрген иттер мен мысықтар иесіз қаңғырып жүргендер болып саналады. Олар ұсталынуға немесе атылуға тиіс.

2. 2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН, ҚҰСТАРДЫ ЖӘНЕ АРАЛАРДЫ ҰСТАУ

2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН, ҚҰСТАРДЫ ЖӘНЕ АРАЛАРДЫ ҰСТАУ

1

1) Ауыл шаруашылық үй жануарлары, құстар және аралар арнайы жабдықталған кұрылымдарда ұсталуы тиіс.
Құстарды торланған қоршауда ұсту керек. Үй құстарының жабайы құстармен қатынасын болдырмай, оларды жайылымға, су қоймалары мен көрші аулаларға жіберуге тыйым салыну қажет.

2

2) Қи, жем-шөп қалдықтары, басқа да қоқыстар арнайы белгіленген орындарға уақытында шығарылуы тиіс. Мал қоралары ай сайын ақталуы және дезинфекциядан өткізілуі тиіс.

3

3) Сәуір айынан қараша айына дейінгі мерзімде әр түрлі жұқпалы ауруларды тасымалдайтын шыбын-шіркейлермен күрес мақсатында үй жануарлары мен құстар тұратын қораларды аптасына бір рет инсектицидтік препараттармен өңдеп түру қажет.

4

4) Көшелерде, саябақтарда және басқа да қоғамдық жерлерде малды шығарып бағуға тиым салынады.

5

5) Жазғы жайылым мерзімінде малды селолық округтің әкімшілігі белгілеген жер телімдерінде ғана бағуға болады.
Жалпы қоғамдық табынға тек дені сау, жоспарлы ветеринарлық тексерістерден өткен малды ғана қосуға болады.

27. III- БӨЛІГІ

III- БӨЛІГІ

1. 1. ОСЫ ЕРЕЖЕНІ БУЗҒАНЫ ҮШІН ЖАНУАРЛАР ИЕЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

1. ОСЫ ЕРЕЖЕНІ БУЗҒАНЫ ҮШІН ЖАНУАРЛАР ИЕЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

1

1) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-11 «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы №123-ІІІ «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес жануарлардың иелеріне осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік жүктеледі.

2

2) Жануарлар азаматтардың денсаулығына зиян немесе мүліктеріне шығын келтірсе, ол Заңды түрде жануарлар иесінің есебінен өндіріліп алынады.