Об утверждении перечня загрязняющих веществ и видов отходов, для которых устанавливаются нормативы эмиссий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня загрязняющих веществ и видов отходов, для которых устанавливаются нормативы эмиссий
- Атауы (қаз.)
- Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 557
- Қабылданған күні
- 30.06.2007
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2015 AI33886_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000557_
- ЭКБ идентификаторы
- 33886
- Редакция идентификаторы
- AI33886_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:26
0 Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесі 1. Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
N 557 қаулысымен
бекітілген
Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесі 1. Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттардың тізбесі
1. Күкірт диоксиді мен күкірттің басқа да қосылыстары.
2. Азот оксиді мен азоттың басқа да қосылыстары.
3. Оттегі тотығы.
4. Ұшпалы органикалық қосылыстар.
5. Металдар мен олардың қосылыстары.
6. Тотияйын мен оның қосылыстары.
7. Цианидтер.
8. Хлор және оның қосылыстары.
9. Фтор және оның қосылыстары.
10. Шекті көмірсутегілер.
11. Меркаптандар.
12. Күкіртті сутегі.
13. Қара көміртегі (күйе).
14. Шаң-тозаң, соның ішінде құрамында асбест бар (өлшемді бөлшектері, талшықтары).
15. Полихлорлы дибензодиоксиндер мен полихлорлы дибензофурандар.
16. Елді мекендердің атмосфералық ауасында шекті рұқсатты шоғырлануының (бұдан әрі - ШРШ) және әсер етудің бағдарлы қауіпсіз деңгейіне (бұдан әрі - ӘБҚД) Қазақстан Республикасының санитарлық-гигиеналық нормативтері белгіленген қауіптілігі 1 және 2-сыныптағы өзге де ластаушы заттар мен олардың қосылыстары.
1. Галогендердің органикалық қосылыстары және суда осы
қосылыстарды құрауы мүмкін заттар.