Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения государственного реестра участков загрязнения

Қаулы · № 566 · қабылданған 03.07.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-33908/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения государственного реестра участков загрязнения Күшін жойған Қаулы ·№ 566 ·03.07.2007
03.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения государственного реестра участков загрязнения

Күшін жойған Қаулы ·№ 566 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения государственного реестра участков загрязнения
Атауы (қаз.)
Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
566
Қабылданған күні
03.07.2007
Көрсетілген редакция
03.04.2015 AI33908_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000566_
ЭКБ идентификаторы
33908
Редакция идентификаторы
AI33908_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:25

0 Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»3»шілдедегі
N 566 қаулысымен
бекітілген
Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер

1 1. Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

2

2. Қоршаған ортаның ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) онда ластану учаскелерінің түрлері мен шығу көзі, олардағы ластаушы заттардың көлемі мен шоғырлануы, ластану учаскелерінің тиесілілігі мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы деректер жиналатын деректер банкі болып табылады.

3 3. Тізілімнің жүргізілуін ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады. Тізілім орталық және аумақтық тізілімдерден тұрады.

4 4. Тізілім ластану учаскесінің тізілімдік паспорты (бұдан әрі - тізілімдік паспорт) негізінде жүргізіледі.

2 2. Тізілімді жүргізу тәртібі

5 5. Әрбір ластану учаскесіне табиғат пайдаланушы тізілімдік паспорт жасайды және оны тиісті аумақтық қоршаған ортаны қорғау органына ұсынады.

6 6. Ереже қолданысқа енгізілетін күні бар, табиғат пайдаланушылар ластаған учаскелерге қатысты 2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тізілімдік паспорттар жасалады және 2008 жылғы 10 наурыздан кешіктірмей аумақтық қоршаған ортаны қорғау органына жіберіледі.

7 7. Жаңа ластану учаскесіне арналған тізілімдік паспортты табиғат пайдаланушы оны анықтағаннан кейін үш ай ішінде жасайды.

8 8. Тізілімдік паспорт (осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес) мыналарды қамтиды:

1 1) тіркеу нөмірін;

2 2) ластану учаскесі орналасқан жердің схемалық картасы мен оның географиялық координаттарын;

3 3) нәтижесінде ластану учаскесі пайда болған шаруашылық және өзге де қызметтің немесе табиғи құбылыстың түрін;

4 4) меншігінде (иелігінде) ластану учаскесі орналасқан аумақ бар табиғат пайдаланушыны;

5 5) жер санатын;

6 6) ластану учаскесінің параметрлерін;

7 7) орналасудың техникалық шарттарын;

8 8) химиялық құрамын (ластаушы заттардың атауын, көлемін және шоғырлануын);

9 9) ластаушы заттар таралуы ықтимал жолдарды;

10 10) ластану учаскесінің зерттелу дәрежесін;

11 11) ластану учаскесі орналасқан аумақтың климаттық сипаттамаларын;

12 12) ластану учаскесін оқшаулау және қалпына келтіру жөнінде іске асырылған іс-шараларды.

9 9. Тізілімдік паспортты жасаған және тіркеген лауазымды тұлғалардың аты-жөнін және атқаратын лауазымын көрсете отырып, оған қол қойылады.

10 10. Тізілімдік паспорт аумақтық, қоршаған ортаны қорғау органында қабылданады, тіркеледі, есепке қойылады және сақталады.

11 11. Ластану учаскелерін тіркеу табиғат пайдаланушыдан тізілімдік паспортты алған күннен бастап бір ай ішінде ресімделеді.

12

12. Тізілімдік паспорттар Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда олар тіркелмейді және олар аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарына түскен күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде табиғат пайдаланушыға тіркеуден бас тартылған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде пысықтауға қайтарылады.

13 13. Тіркелген тізілімдік паспорттар осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ресімделген тізілімге енгізіледі.

14 14. Табиғат пайдаланушыға тіркелген тізілімдік паспорттың көшірмесі беріледі.

15 15. Тізілімдік паспорттың осы Ереженің 8-тармағының 4), 6), 8), 12) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерін табиғат пайдаланушы жыл сайын жаңартып отырады және 10 наурыздан кешіктірмей аумақтық қоршаған ортаны қорғау органына жібереді.

16 16. Аумақтық тізілімді жүргізу мыналарды қамтиды:

1 1) аумақтық тізілімге тиісті жазба енгізу жолымен ластану учаскелерін тіркеуді;

2 2) тізілімдік паспорттарды аудандар бойынша толықтыруды және сақтауды;

3 3) мемлекеттік органдарды және өзге де мүдделі тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуді;

4 4) аумақтық тізілімді өзекті етуді (жаңартуды), оның ішінде алып тастаудың күні мен негіздерін көрсете отырып, тізілімнен ластану учаскесін алып тастауды.

17 17. Әрбір ластану учаскесіне тіркеу нөмірі беріледі. Аумақтық тізілімнен алынып тасталған тіркеу нөмірі жаңа ластану учаскелеріне берілмейді.

18 18. Ластану учаскелерін аумақтық тізілімнен алып тастау аумақтық қоршаған ортаны қорғау органымен келісілген ластануды жою туралы жобаны және осы учаскеде орындалған жұмыстар актісін табиғат пайдаланушының ұсынуы негізінде жүргізіледі.

19

19. Аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары аумақтық тізілімді жыл сайын 10 мамырдан кешіктірмей электрондық жеткізгішпен қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға (бұдан әрі - орталық атқарушы орган) ұсынады, жаңа ластану учаскелері анықталған жағдайда ақпарат аумақтық тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынылады.

20 20. Орталық тізілімді жүргізуді орталық атқарушы орган жүзеге асырады.

21 21. Орталық тізілімді жүргізу мыналарды қамтиды:

1 1) ластану учаскелері туралы ақпаратты орталықтандырылған жинауды;

2 2) орталық тізілімді өзекті етуді (жаңартуды);

3 3) мемлекеттік органдарды және өзге де мүдделі тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуді.

22 22. Орталық тізілімге өзгерістер мен толықтыруларды аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарынан келіп түскен жазбаша ақпараттың негізінде орталық атқарушы орган жасайды.

3 3. Қорытынды ережелер

23

23. Тізілімге тізілімдік паспорттардың уақтылы енгізілуін, ақпараттың дұрыстығын бақылауды, сондай-ақ ластану учаскелерінің тізілімдік паспорттарын талдауды, есепке алуды, жүйелеуді, сақтауды және оларды өңдеудің автоматтандырылған жүйесін құруды аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары жүзеге асырады.

1 Ластану учаскелерінің тізілімдік паспорты

Ережеге
1-қосымша
Ластану учаскелерінің тізілімдік паспорты

1 1) тіркеу нөмірі __________________________

2 2) ластану учаскесі орналасқан жердің схемалық картасы

Об­лыс
Аудан
Қа­ла, кент
Гео­гра­фи­я­лық ко­ор­ди­нат­та­ры
1
2
3
4

3 3) нәтижесінде ластану учаскесі пайда болған шаруашылық және өзге қызметтің немесе табиғи құбылыстың түрі

____________________________________________________________________

4 4) меншігінде/иелігінде ластану учаскесі орналасқан аумақ бар

табиғат пайдаланушы
____________________________________________________________________

5 5) жер санаты______________________________________________________

6 6) ластану учаскесінің параметрлері

Ұзын-ды­ғы, м
Ені, м
Те­рең­ді-гі, м
Ала­ңы, м 2
Ла­ста­у­шы заттар­дың тү­рі
Қа­уіп­ті­лік дең­гейі
Аг­ре­гат­тық жай-күйі
1
2
3
4
5
6
7

7 7) орналастырудың техникалық шарттары

То­пы­рақ неме­се ара­ла­су­шы тау жы­ны­ста­ры­ның си­патта­ма­сы
То­пы­рақ неме­се тау жы­ны­сы
Су өт­кіз­бе­у­ші­лік
Фи­зи­ка­лық-ме­ха­ни­ка­лық қа­си­ет­те­рі
1
2
3

8 8) химиялық құрамы

Ла­ста­у­шы заттар
Нор­ма­тив­тер
ҚРШ (ҚӘБД)
ата­уы
шо­ғыр­ла­нуы, %
кө­ле­мі, м 3
су­да
ауа­да
то­пы­рақ­та
ең тө­мен
ең жо­ға­ры
ор­та­ша
1
2
3
4
5
6
7
8

9 9) ластаушы заттар таралуы ықтимал жолдар

Су бой­ын­ша
Ауа бой­ын­ша
Бас­қа­лар
1
2
3

10 10) ластану учаскесінің зерделену дәрежесі

Кім және қа­шан
зерт­тел­ді
Есеп­ті­лік ма­те­ри­ал­дың
ата­уы
Объ­ек­ті­нің
зерт­тел­ген
па­ра­метр­ле­рі
1
2
3

11 11) ластану учаскесі орналасқан аумақтың климаттық сипаттамалары

кли­мат­тық жағ­дай­лар­дың си­патта­ма­сы
Жел өр­не­гі
5 м/сек астам
жыл­дамды­ғы­мен жел­дер
жи­і­лі­лі­гі
Жа­уын-ша­шын­дар
тү­сі­мі­нің жи­і­лі­лі­гі
1
2
3

12 12) ластану учаскесін оқшаулау және қалпына келтіру жөнінде іске асырылған іс-шаралар________________________________________________

____________________________________________________________________
Ақпараттың дұрыстығы мен толықтығын растаймын.
Жасаушы (табиғат пайдаланушы):
____________________________________________________________________
Т.А.Ә.
____________________________________________________________________
лауазымы
қолы_____________                              күні_______________
___________________________________________________________________
Т.А.Ә.
____________________________________________________________тіркеді.                                  лауазымы
қолы ________________                          күні________________

2 Ластану учаскелері мемлекеттік тізілімінің нысаны

Ережеге
2-қосымша
Ластану учаскелері мемлекеттік тізілімінің нысаны
Тір­кеу
нө­мі­рі
Ла­ста­ну
учас­ке­сі­нің
ор­на­лас­қан
же­рі
Ла­ста­ну учас­ке­сі­нің
ті­зі­лім­дік пас­пор­тын
әзір­лей­тін та­би­ғат
пай­да­ла­ну­шы
Ті­зі­лім­нен алып
та­ста­удың кү­ні
мен негіз­де­ме­сі
1
2
3
4

Қолданыстағы