О ведомственных наградах уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ведомственных наградах уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық наградалары туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 358
- Қабылданған күні
- 02.07.2007
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2011 AI33932_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U070000358_
- ЭКБ идентификаторы
- 33932
- Редакция идентификаторы
- AI33932_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:25
0 Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық наградалары туралы
"Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 6-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Мыналар:
1 1) "Қызметте үздік шыққаны үшін" медалі;
2 2) "Қылмыстық-атқару жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері"
медалі;
3 3) I, II, III дәрежелі "Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медальдары;
4 4) "Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін"» медалі Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық наградалары болып белгіленсін.
2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі медальдарының сипаттамасы және олармен марапаттау ережесі бекітілсін.
3 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі медальдарының СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 2 шілдедегі
N 358 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі медальдарының СИПАТТАМАСЫ
1 1. "Қызметте үздік шыққаны үшін" медалі алтын түстес металдан дайындалады және Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің нышаны нысанында болады.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар бедерлі. Медальдің шеттері мен ортасындағы шеңбері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегімен қаракөк түсті жібек қатқыл лентамен қапталған тік бұрышты тағанға жалғанады. Лентаға алтын түстес қалықтаған қыран кескіні тігіледі.
Тағанның сыртқы жағында марапатталушының киіміне қадауға арналған тиісті бекіткіш бар.
Медальдің графикалық бейнесі қоса беріліп отыр (1-қосымша).
2 2. "Қылмыстық-атқару жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері" медалі асыл түр беретін алтын түстес металдан дайындалады және Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің нышаны нысанында болады.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар бедерлі. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегімен қаракөк түсті жібек қатқыл лентамен қапталған тік бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның жоғарғы шетінен тігілген алтын түстес ұлттық нақыш орналасқан.
Тағанның сыртқы жағында марапатталушының киіміне қадауға арналған тиісті бекіткіш бар.
Медальдің графикалық бейнесі қоса беріліп отыр (2-қосымша).
3 3. I, II, III дәрежелі»"Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалі тиісінше алтын, күміс және қола түстес металдан дайындалады және шеңбер нысанында болады.
Медальдің беткі жағында шеңбердің ортасында Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің нышаны орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар бедерлі. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегімен ашық көгілдір түсті жібек қатқыл лентамен қапталған тік бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның ортасында кестеленген I, II, III дәреже белгілері орналасады.
Тағанның сыртқы жағында марапатталушының киіміне қадауға арналған тиісті бекіткіш бар.
Медальдің графикалық бейнесі қоса беріліп отыр (3-қосымша).
4 4. "Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі алтын түстес металдан дайындалады және шеңбер нысанда болады.
Медальдің беткі жағында алтын түстес шеңбердің ортасында Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің нышаны орналасқан. Шеңбердің айналасында қаракөк түсте жапырақшалар нысанындағы алтын түстес күн сәулелері орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар бедерлі. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медальдің артқы жағында шеңбер бейнеленген, оның айналасында қара көк түсте жапырақшалар нысанындағы алтын түстес күн сәулелері орналасқан.
Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегімен қара көк түсті жібек қатқыл лентамен қапталған тік бұрышты тағанға жалғанады.
Тағанның сыртқы жағында марапатталушының киіміне қадауға арналған тиісті бекіткіш бар.
Медальдің графикалық бейнесі қоса беріліп отыр (4-қосымша).
1 "Қызметте үздік шыққаны үшін" медалінің графикалық бейнесі (Қағаз мәтіннен қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 2 шілдедегі N 358
Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасы әділет органдарының
қылмыстық-атқару жүйесі
медальдарының сипаттамасына
1-ҚОСЫМША
"Қызметте үздік шыққаны үшін" медалінің графикалық бейнесі (Қағаз мәтіннен қараңыз)
2 "Қылмыстық-атқару жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері" медалінің графикалық бейнесі (Қағаз мәтіннен қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 2 шілдедегі N 358
Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасы әділет органдарының
қылмыстық-атқару жүйесі
медальдарының сипаттамасына
2-ҚОСЫМША
"Қылмыстық-атқару жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері" медалінің графикалық бейнесі (Қағаз мәтіннен қараңыз)
3 "Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалінің графикалық бейнесі (Қағаз мәтіннен қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 2 шілдедегі N 358
Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасы әділет органдарының
қылмыстық-атқару жүйесі
медальдарының сипаттамасына
3-ҚОСЫМША
"Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалінің графикалық бейнесі (Қағаз мәтіннен қараңыз)
4 "Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін"» медалінің графикалық бейнесі (Қағаз мәтіннен қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 2 шілдедегі N 358
Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасы әділет органдарының
қылмыстық-атқару жүйесі
медальдарының сипаттамасына
4-ҚОСЫМША
"Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін"» медалінің графикалық бейнесі (Қағаз мәтіннен қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 2 шілдедегі
N 358 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің медальдарымен марапаттау ЕРЕЖЕСІ
1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін (бұдан әрі - ҚАЖ қызметкерлері) медальдармен марапаттау тәртібін айқындайды.
2 2. "Қызметте үздік шыққаны үшін" медалімен қызметі бойынша жағымды сипатталатын, өздеріне жүктелген міндеттерін адал әрі кәсіби атқаратын, бұл ретте бастамашылық пен жанқиярлық көрсететін ҚАЖ қызметкерлері марапатталады.
3 3. "Қылмыстық-атқару жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері" медалімен қызметі бойынша жағымды сипатталатын әрі күнтізбелік есептеудегі 25 және одан да көп жалпы еңбек сіңірген жылдары бар ҚАЖ қызметкерлері марапатталады.
4
4. "Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін"»медалі үш дәрежеден тұрады және қылмыстық-атқару жүйесі органдарында күнтізбелік есептеудегі 10 және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар, қызметі бойынша жағымды сипатталатын, өздеріне жүктелген міндеттерін адал және кәсіби атқарған ҚАЖ қызметкерлері марапатталады.
I дәрежелі»"Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалімен ҚАЖ қызметкерлері 20 жыл қызметі үшін марапатталады.
II дәрежелі»"Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалімен ҚАЖ қызметкерлері 15 жыл қызметі үшін марапатталады.
III дәрежелі»"Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін"»медалімен ҚАЖ қызметкерлері 10 жыл қызметі үшін марапатталады.
"Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін"» медалі III дәрежеден I дәрежеге дейін кезекпен жүргізіледі.