Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан по вопросам лицензирования

Қаулы · № 57 · қабылданған 28.05.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-33963/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан по вопросам лицензирования Қолданыста Қаулы ·№ 57 ·28.05.2007
31.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан по вопросам лицензирования

Қолданыста Қаулы ·№ 57 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан по вопросам лицензирования
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
57
Қабылданған күні
28.05.2007
Көрсетілген редакция
31.12.2015 AI33963_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004780_
ЭКБ идентификаторы
33963
Редакция идентификаторы
AI33963_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:35

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиялау мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерін "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2 2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органның төлем карточкаларын шығаруға арналған лицензиясын алуға арналған қорытынды беруі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3161 тіркелген);

2

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 93 қаулысына қосымшаның 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3847 тіркелген);

3

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 122 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 2 мамырдағы N 34 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4246 тіркелген;).

3 3. Осы қаулы 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

4 4. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

5 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М. Сартбаевқа жүктелсін.

Қолданыстағы