Об утверждении Правил формирования ликвидационных фондов полигонов размещения отходов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил формирования ликвидационных фондов полигонов размещения отходов
- Атауы (қаз.)
- Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 591
- Қабылданған күні
- 10.07.2007
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2015 AI33981_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000591_
- ЭКБ идентификаторы
- 33981
- Редакция идентификаторы
- AI33981_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:23
0 Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру ережесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»10»шілдедегі
N 591 қаулысымен
бекітілген
Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру ережесі
1 1. Осы Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын құру және басқару тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Ереженің әрекеті сот шешімі бойынша республикалық меншікке түскен иесіз қауіпті қалдықтар полигондарына қолданылмайды.
3 3. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) қалдықтарды орналастыру полигоны - өндіріс қалдықтарын орналастыру және оларды кейіннен кәдеге жарату, қайта өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрі үшін белгіленген кезеңге тұтыну үшін арнайы жабдықталған орын (алаңдар, көмбелер, қоймалар);
2 2) қалдықтарды орналастыру полигонын жою қоры - полигон жабылғаннан кейін оны рекультивациялау және мониторингілеу үшін қалдықтарды орналастыру полигоны меншік иесінің жалпы қаражатының құрамында қалыптастырылатын қор;
3 3) меншік иесі - қалдықтар полигонының меншік иесі болып табылатын жеке және заңды тұлға.
4
4. Қалдықтарды орналастыру полигондарының жою қорын (бұдан әрі - жою қоры) полигонды жабу, полигонның аумағын рекультивациялау және полигон жабылғаннан кейін қоршаған ортаға әсерінің мониторингін жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін қалдықтарды орналастыру полигонының (бұдан әрі - полигон) меншік иесі құрады.
5 5. Жою қорын құру қалдықтарды орналастыру полигонының жобасымен көзделуі тиіс.
6
6. Жою бойынша жұмыстар көлемін және оларды орындау үшін қажетті қаражаттың көлемін айқындау үшін полигон иесі полигонды жою жобасын әзірлейді және оны іске асыруға арналған шығындардың (есеп айырысудың) техникалық-экономикалық негіздемесін жасайды. Қалдықтар полигонын жоюға арналған жобаны және оны іске асыруға техникалық-экономикалық негіздемені (есеп айырысуды) полигон иесі қалдықтарды орналастыру полигоны жобасының бір бөлігі ретінде дайындайды.
7
7. Полигонды жою бойынша жоба аумақты рекультивациялау, қоқыс газының шығарындыларының және 1-сыныптағы полигондар үшін отыз жыл ішінде, 2-сыныптағы полигондар үшін жиырма жыл ішінде, полигонды жайластыру және пайдалану үдерісінде пайдаланылған құрылыстар мен жабдықтарды жою мониторингін жүргізу, сондай-ақ қоршаған ортаны нормативтен тыс ластанудан тазарту жөніндегі жұмыстардың орындалуын көздеуі тиіс.
8 8. Қалдықтарды орналастыру полигонының жобалары, полигонды жою жөніндегі жоба және техникалық-экономикалық негіздеме (есеп айырысу) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.
9
9. Полигонды жою жөніндегі жобаның негізінде меншік иесі жою бойынша жұмыстардың жоспарын және оны іске асыруға шығындар сметасын әзірлейді. Жалпы сметалық құны полигонды пайдаланған кезде бұзылған топырақтың алаңы мен сипаттамаларына, орналастырылатын қалдықтардың көлемдеріне, санына және сыныбына, полигонды жою үдерісінде пайдаланылатын материалдар мен техниканың құнына қарай полигонды жою жобасына сәйкес жоюға байланысты барлық шығыстарды қамтуға тиіс.
Көрсетілген шығындар инфляция индексін ескере отырып, жою бойынша жұмыстардың басталуы болжанатын күніне есептеледі.
10 10. Жою жөніндегі жұмыстар жоспары мен шығындар сметасы экологиялық рұқсат алу үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының құрамында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
11 11. Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды жүргізу үшін жою қорына қалдықтарды орналастыру полигонын пайдаланудың басынан бері меншік иесі тұрақты аударатын қаражат шоғырланады.
12 12. Қор полигонды пайдалану басталған күнінен бастап меншік иесі жүзеге асыратын тоқсан сайынғы аударымдар есебінен құрылады.
Жою қорына жыл сайынғы аударымдар мөлшері полигон жойылуы тиіс уақыт кезеңіндегі (жылдар саны) есеп айырысудағы полигонды жоюға арналған шығынның түзу бара-бар жалпы сметалық құнымен анықталады.