Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании геодезической и картографической деятельности

Қаулы · № 574 · қабылданған 06.07.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-33998/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании геодезической и картографической деятельности Күшін жойған Қаулы ·№ 574 ·06.07.2007
21.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании геодезической и картографической деятельности

Күшін жойған Қаулы ·№ 574 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании геодезической и картографической деятельности
Атауы (қаз.)
Геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
574
Қабылданған күні
06.07.2007
Көрсетілген редакция
21.11.2012 AI33998_8.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000574_
ЭКБ идентификаторы
33998
Редакция идентификаторы
AI33998_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:24

0 Геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 121(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2 2) геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1 1) "Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және

картографиялық жұмыстарды лицензиялауға қойылатын біліктілік
талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 1481 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 41, 479-құжат);

2 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30

қыркүйектегі 1481 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 285 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 13, 151-құжат);

3 3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі
N 779 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 414-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы .

3 3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 шілдедегі
N 574 қаулысымен
бекітілген
Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

0 Геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 шілдедегі
N 574 қаулысымен
бекітілген
Геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Геодезиялық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) заңды тұлғалар үшін:

штатында геодезия саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір маманның;
штатында картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір маманның;

2 2) жеке тұлғалар үшін:

геодезия саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл өтілінің;
картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл өтілінің болуын қамтиды;

3 3) геодезиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін аспаптардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың меншікті немесе жалға алынған жиынтығының не зауыттық нөмірлерін көрсете отырып аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың жиынтығы бар ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың;

4 4) деректерді өңдеу үшін меншікті немесе жалға алынған бағдарламалық кешендердің не бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар ұйыммен қызметтер көрсетуге арналған шарттың;

5 5) Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдары болып табылатын аспаптар мен құрал-саймандарды тексеру туралы сертификаттардың;

6 6) өлшемдер құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген және Қазақстан Республикасында қолдануға жіберілген аспаптардың, жабдықтар сертификаттарының болуын қамтиды.

2 2. Картографиялық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) заңды тұлғалар үшін: штатында картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл өтілі бар кемінде екі маманның;

2 2) жеке тұлғалар үшін:

картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;

3 3) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін аспаптардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың меншікті немесе жалға алынған жиынтығының не зауыттық нөмірлерін көрсете отырып аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың жиынтығы бар ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың;

4 4) деректерді өңдеу үшін меншікті немесе жалға алынған бағдарламалық кешендердің не бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар ұйыммен қызметтер көрсетуге арналған шарттың;

5 5) Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдары болып табылатын аспаптар мен құрал-саймандарды тексеру туралы сертификаттардың;

6 6) өлшемдер құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген және Қазақстан Республикасында қолдануға жіберілген аспаптардың, жабдықтар сертификаттарының болуын қамтиды.

Қолданыстағы