Құжат мәтініне өту

О назначении и оказании социальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан

Өзге акт · № 37/323 · қабылданған 28.05.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-34013/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О назначении и оказании социальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан Күшін жойған Өзге акт ·№ 37/323 ·28.05.2007
12.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О назначении и оказании социальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан

Күшін жойған Өзге акт ·№ 37/323 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О назначении и оказании социальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан
Атауы (қаз.)
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
37/323
Қабылданған күні
28.05.2007
Көрсетілген редакция
12.12.2013 34013_186502.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07MA000057
ЭКБ идентификаторы
34013
Редакция идентификаторы
34013_186502
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:35

0 Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы», «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне, атаулы даталарына әләуметтік төлемдерді 1 қосымшаға сәйкес келесі азаматтардың жекелеген санаттарына белгіленсін.

2 2. Алынып тасталды

3 3. Алынып тасталды

4 4. Әлеуметтік төлем тағайындау, төлеу бойынша Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі – уәкілетті орган).

5 5. Әлеуметтік төлемдердің есебін жүргізу, контингентті толықтай қамтылғандығына бақылау жүргізу және қаржыны уақтылы аудару уакілетті органға жүктеледі.

6 6. Уәкілетті орган қызметкерлері зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Манғыстау облыстық филиалымен әлеуметтік төлемдер алушылар құрамына ай сайынғы салыстыру жүргізеді және дербес іс қағаздары бойынша әлеуметтік төлем тағайындайды.

7 7. Алушының дербес іс қағаздары тапсырылған құжаттарға байланысты жасақталады, уәкілетті органда сақталып, әлеуметтік төлемнің тағайындалғандығы және аударылғандығы туралы жыл сайынғы мәліметтермен толықтырылып тұрады.

8 8. Әлеуметтік төлем уәкілетті органмен алушының мекен-жайы бойынша есеп шотына аударылады.

9 9. Әлеуметтік төлем алушылар тапсырылған құжаттардың дұрыстығына жауапкершілік алады.

10 10. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
__________ Айтбатырова К.М.
«_28_»_05_2007 жыл

11 Қалалық мәслихаттың

2007 жылғы 28 мамырдағы
N 37/ 323 шешіміне 1 қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне және атаулы даталарына әлеуметтік төлемді алуына құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттары

Қазақстан Республикасының мемле
кеттік мерекелері мен атаулы даталары
Әлеуметтік көмек алушы азаматтардың санаттары
Әлеуметтік көмектің мөлшері
Төлеу
мерзім
ділігі
1
Жеңіс күніне
( 9 мамыр)
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері
100 мың теңге
Жылы
на бір рет
2
Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар
60 мың
теңге
Жылына бір
рет
3
Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар
50 мың
теңге
Жылына бір рет
4
Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болып кеткен жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері
40 мың
теңге
Жылына бір рет
5
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен, медальдерімен наградталған адамдар және 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендері туралы мұрағаттық анықтамасында немесе еңбек кітапшасында жазбасы бар тыл еңбеккерлеріне
10 мың теңге
Жылына бір рет
6
Жеңілдіктері мен кепілдіктері жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары (қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері), Чернобыль АЭС апатын жоюға 1988-1989 жылдары қатысушыларын қоспағанда )
10 мың
теңге
Жылына бір рет
7
1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқандарға
20 мың теңге
Жылына бір рет
8
Конституция күніне
Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылар (балаларға)
2 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
9
10
11
12
Мүгедектер күніне
Барлық топтағы мүгедектер, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар
2 айлық
есептіккөрсеткіш
Жылына бір рет
(қазан)
13
Қарттар күніне
70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлер
2
айлық
есептіккөрсеткіш
Жылына бір рет қазан)

12 Қалалық мәслихаттың

2007 жылғы 28 мамырдағы
N 37/ 323 шешіміміне 2 қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдердің түрлері

13 Қалалық мәслихаттың

2007 жылғы 28 мамырдағы
N 37/ 323 шешіміне 3 қосымша
Әлеметтік төлемдердің түрлері, мерзімі және азаматтардың жекелеген санаттары

Қолданыстағы