О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар мен енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-2/112
- Қабылданған күні
- 28.06.2007
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2011 AI34023_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004797_
- ЭКБ идентификаторы
- 34023
- Редакция идентификаторы
- AI34023_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:26
0 Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар мен енгізу туралы
"Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес және "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 14 наурыздағы N 56-ө өкімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы N 1-2/35 бұйрығына (Мемлекеттік сатып алу бюллетенінде 31.03.2007ж., N 61 жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 4576 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
5-тармақтың 12-абзацында "салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер "жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге қосымшада:
11-бағанның атауындағы "Салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер "Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. Күші жойылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 2009.12.14 № 01-01-07/217 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз) Бұйрығымен.
3 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (Қ.А. Өскенбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге жіберсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми
жариялануын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі Х.Н. Мусинге жүктелсін.
6 6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және осы бұйрықтың 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігінің
2007 жылғы 28 маусымдағы
N 1-2/112 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігінің
2007 жылғы 28 ақпандағы N 1-2/36
бұйрығына 1-қосымша
Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі