Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағының негізінде, Қостанай облысында кедейлікті төмендету жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған кешенді бағдарламасына, Меңдіқара ауданының 2006-2008 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламасына сәйкес, халыктың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды кабылдау мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы от 08.06.2007 г. № 143 (Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы)
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және каржыландыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 137 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9-15-35, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2006 жылғы 18 мамырда № 21 жарияланған), қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
3. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 97 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы» қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімдіктің
2007 жылғы 8 маусымда
№ 143 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) халықтың нысаналы топтары ішінен жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін белгілейді, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдармен (меншік нысанына қарамастан) есеп айырысудың негізгі жағдайлары мен жүйесін реттейді.
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әлеуметтік жұмыс орны - жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қабылданған қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге жұмыс берушілердің шығындарын ішінара өтеп, халықтың нысаналы топтары ішінен жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен берілетін жұмыс орны;
2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген адамдар топтары;
3) «Жастар тәжірибесі»- практикалық тәжірибе, білім, біліктілік және білімділік алу мақсатымен жастардың кәсіптік білімінің бастауыш, орта және жоғары буынының түлектерін әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заң актілері тарайды.
4. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтары ішінен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
5. Әлеуметтік жұмыс орындары мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттің қаражатынан осы жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге шығындарын ішінара өтеп, өз қаражатынан қаржыландырылып жұмыс берушілермен белгіленеді немесе беріледі.
6. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтары ішінен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге шығындарын ішінара өтеп төлеуге қызметтерді көрсету бойынша жұмыс берушілермен шарттар жасайды.
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және олардың еңбекақысын төлеуге тағайындалған бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында аудандық әкімдік халықтың нысаналы топтары ішінен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін немесе құратын ұйымдардың тізбесін жұмыс берішілердің жазбаша келісімімен белгілейді.
Егер еңбекақыны төлеуді қаржыландыру жұмыс берушілердің өз ақшасынан емес тиісті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылса әлеуметтік жұмыс орындарын беретін немесе құратын ұйымдар тізбеге ене алмайды.
8. Ұйымдарда әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келісіміне сәйкес жүзеге асырылады.
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға кіретін аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және жағдайлары
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес ай сайын жұмыс берушілермен жүзеге асырылады және орындалған жұмыстың санына, сапасына және қиындағына байланысты.
Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған адамдардың еңбекақысын төлеуді қаржыландыруға қаражат аудандық мәслихаттың сәйкес шешімімен бюджетте көзделеді.
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге жұмыс берушілердің шығыстары алты айдан көп емес мерзімде ең төмен жалақыдан 50 пайыз көлемінде, төрт айдан көп емес мерзімде «Жастар тәжірибесіне» жіберілген оқу орындарының түлектері үшін ең төмен 100 пайыз көлемінде мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттің қаражатынан өтеледі. Бюджеттік қаражатты аудару жұмыс берушілердің есеп шоттарына жүргізіледі.
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттің қаражатынан төленетін жалақы заңнамада белгілеген тәртіппен салықпен салынады.
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыска орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу накты орындалған көлемге жүргізіледі.
14. Жұмыс берушілер мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттің қаражатынан ақшалай түсімдерді әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге өз шығындарын өтеуге пайдаланады.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулығын сақтауға бақылау заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.