Қолданыстағы ред. 10.07.2007

Қазақстан Республикасы Мәжіліс және Мәслихат депутаттарына кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы от 10.07.2007 г. № 144/7 (Қазақстан Республикасы Мәжіліс және Мәслихат депутаттарына кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы)

0

Қазақстан Республикасы Мәжіліс және Мәслихат депутаттарына кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Мәжіліс және Мәслихат депутаттарына кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.

2

2. Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Қазақстан Республикасы Мәжіліс және Мәслихат депутаттарына кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарға стендтер, тақталар, тұғырлар жөнінде шаралар қолдансын.

3

3. Қазақстан Республикасы Мәжіліс және Мәслихат депутаттарына кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын мемлекеттік меншік объектілерінің ғимараттарына орналастыруға тыйым салынсын.

4

4. Бұл қаулы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден аудандық «Аққу үні» газетінде басылған күннен бастап күшіне енсін.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Н.О. Сағандықовқа жүктелсін.
Келісілді:
Аудандық аумақтық
комиссияның төрағасы
А. Смакотин