Қазақстан Республикасы Мәжіліс және Мәслихат депутаттарына кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мәжіліс және Мәслихат депутаттарына кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мәжіліс және Мәслихат депутаттарына кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Қазақстан Республикасы Мәжіліс және Мәслихат депутаттарына кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарға стендтер, тақталар, тұғырлар жөнінде шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мәжіліс және Мәслихат депутаттарына кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын мемлекеттік меншік объектілерінің ғимараттарына орналастыруға тыйым салынсын.
Тармақ 4
4. Бұл қаулы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден аудандық «Аққу үні» газетінде басылған күннен бастап күшіне енсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О. Сағандықовқа жүктелсін. Келісілді: Аудандық аумақтық комиссияның төрағасы А. Смакотин