Об исключении из учетных данных населенных пунктов области, утративших статус самостоятельных административно-территориальных единиц
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об исключении из учетных данных населенных пунктов области, утративших статус самостоятельных административно-территориальных единиц
- Атауы (қаз.)
- Облыстың дербес әкімшілік-аумақтық бірлік мәртебесін жоғалтқан елді мекендерін есепті деректерден шығару туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19/10-241
- Қабылданған күні
- 30.10.1998
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2011 AI3406_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98S0000043
- ЭКБ идентификаторы
- 3406
- Редакция идентификаторы
- AI3406_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:29
0 Облыстың дербес әкімшілік-аумақтық бірлік мәртебесін жоғалтқан елді мекендерін есепті деректерден шығару туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011.09.26 № 38/16 шешімімен
Дербес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк мәртебесiн жоғалтуына байланысты және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Z934200_ 1993 жылғы 8 желтоқсандағы ном. 2572-ХII Заңына сәйкес облыстық мәслихаттың ХIХ сессиясы мен облыс әкiмi шешім етті:
1 1. Облыс бойынша мына елдi мекендер есептi деректерден шығарылсын:
- Айыртау ауданындағы Украин селолық округiнiң Люботино селосы;
- Ақжар ауданындағы Ұялы, Совхоз және Алқатерек селолық округтерiнiң Бұланбай, Жаңатiлек және Қызылтаң селолары;
- Булаев ауданындағы Успенка, Золотонива, Молодогвардейск, Писаревка және Лебяжье селолық округтерінiң Успенка, Жданово, Молодая гвардия, Писаревка станциялары, Оңтүстiк Урал темiржолының 2726 километр аялдама пунктi, Ахметжан және Комсомол селолары;
- Еңбекшiлдер ауданындағы Уәлиханов, Краснофлот, Донской, және Еңбекшiлдер селолық округтерiнiң Ворошилово, Достық, Қасқат және Жамбай селолары;
- Зерендi ауданындағы Пухальск селолық округiнiң Күлет селосы;
- Қызылжар ауданындағы Бескөл және Светлопольск селолық округтерiнiң Ивановка және Крутое селолары;
- Сергеев ауданындағы Кривощековка селолық округiнiң Известковое селосы;
- Совет ауданындағы Қиялы селолық округiнiң Шағалалы разъезi;
- Тайынша ауданындағы Чкалов селолық округiнiң Алакөл селосы;
- Уалиханов ауданындағы Қарасу және Чехов селолық округтерiнiң Аққайың, Дружба, Солнечное селолары;
- Щучье ауданындағы Абылайхан, Злотополь және Қотыркөл селолық округтерiнiң Оразбұлақ, Щедринка селолары, Приозерный кардоны.
2 2. Аудандардың әкiмдерi аудандық мәслихаттармен бiрлесе отырып өздерiнiң әкiмшiлiк немесе аумақтық байланысы бар өмiр сүрiп тұрған елдi мекендер мен поселениелердiң реестрiн және есебiн "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Заң талаптарына
сәйкес келтiрсiн, деректердi белгiленген форма бойынша жоғары тұрған
өкiмет, статистика және жерге орналастыру органдарына бiр ай iшiнде
енгiзетiн болсын.
3 3. Бiрлескен шешiмнiң орындалуына бақылау облыстық мәслихат хатшысы
Е.Ж. Әубәкiровке және облыс әкiмi аппаратының басшысы П.И. Демчукке
жүктелсiн.