Құжат мәтініне өту

О правилах содержания собак и кошек на территории Бухар-Жырауского района

Ереже · № 6 · қабылданған 21.06.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-34069/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О правилах содержания собак и кошек на территории Бухар-Жырауского района Күшін жойған Ереже ·№ 6 ·21.06.2007
21.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О правилах содержания собак и кошек на территории Бухар-Жырауского района

Күшін жойған Ереже ·№ 6 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О правилах содержания собак и кошек на территории Бухар-Жырауского района
Атауы (қаз.)
Бұқар жырау ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережелері туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6
Қабылданған күні
21.06.2007
Көрсетілген редакция
21.06.2012 AI34069_6.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07KK000040
ЭКБ идентификаторы
34069
Редакция идентификаторы
AI34069_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:29

0 Бұқар жырау ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау

ережелері туралы
Бұқар жырау ауданында иттердің және мысықтардың санитарлық тазалық жағдайын тәртіпке келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Бұқар жырау ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережелері бекітілсін.

2 2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

3 Бұқар жырау ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ЕРЕЖЕЛЕРІ

Бұқар жырау
аудандық мәслихатының
2007 жылғы 21 маусымдағы
39 сессиясының N 6 шешімімен
бекітілген
Бұқар жырау ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау
ЕРЕЖЕЛЕРІ

1 1. Жалпы ереже

1 1. Осы ереже меншіктің нысанынан байланыссыз кәсіпорындар мен ұйымдарды қоса, Бұқар жырау ауданында барлық үй мысықтары мен иттердің иелеріне қатысты.

2 2. Ит пен мысық иелері жануарларын 3 айлығынан бастап жыл сайын жындануға және басқа ауруларға қарсы вакциналар жасатып, үй жануарларын мал дәрігерлік мекемелерінде тіркеуге міндетті. Тіркеуден өткендігін растайтын құжаттар ветеринариялық төлқұжат пен жеке ұқсас нөмірдің барлығы болып табылады.

3 3. Мысық пен иттерді ұстағанда санитарлық-гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық ережелерді міндетті түрде сақтау.

4

4. Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің зообұрыштарында жануарлар ұстау тек мал-дәрігерлік қызметінің рұқсатымен ғана мүмкін. Балалар үйлерінде, балабақшаларда, алдын ала емдеу мекемелерінде күзетші иттерді тек қана байлап ұстай алады. Балалардың олармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін болдырмау.

5 5. Итті ақпараттық таңбамен белгіленген, арнайы бөлінген жерлерде қалдыруға рұқсат етіледі.

6 6. Сатуға және сатып алуға ветеринариялық төлқұжат пен ветеринариялық куәлік немесе анықтама болғанда рұқсат етіледі.

7 7. Адамдарды ит, мысық және басқа да үй жануарлары тістеп алған жағдайда, иесі медициналық және ветеринариялық мекемелеріне тез хабарлауға міндетті.

8 8. Дүкеннің, емдеу-алдын алу мекемесінің және ауданның басқа да ұйымдарының алдында байлаулы қалдырған иттер мен мысықтардан басқа, қоғамдық жерлерде иесіз жүрген иттер мен мысықтар аулауға жатады.

2 2. Жануарлар иелерінің құқықтары мен міндеттері

9 9. Жануар иесі оны биологиялық ерекшелігіне сәйкес ұстауға, жануарға қамқорлықпен қарауға, ауырып калған жағдайда караусыз қалдырмауға, уақытында мал-дәрігерлік көмек көрсетуге міндетті.

10 10. Ит пен мысық иелері мемлекеттік ветеринариялық инспектордың және ветеринария маманының талабы бойынша жануарларды қарауға, диагностикалық зерттеуге, өкпе және алдын ала емдеу процедураларына әкелуге міндетті.

11 11. Ит пен мысық иелері, адамдар мен жануарларды тістеген өз асырандыларын, карантин кезеңі ішінде, оларды қарау үшін мал-дәрігерлік мекемесіне тез жеткізуге міндетті.

12 12. Көп пәтерлі тұрғын үйлерде ит ұстаған жағдайда, тыныштықты сақтау шараларын қабылдау.

13 13. Итті қыдыртуға иттің аты, иесенің мекен-жайы мен телефоны туралы мәліметі бар тізгінде шығаруы керек. Ит тұмылдырықта болуы тиіс.

14 14. Пайдалануында жер учаскесі бар ит иелері оларды бос ұстауларына болады, тек жақсы қоршалған аулада немесе байлаулы болса. Учаскеге кіре берісте иттің бар екендігі туралы ескертетін жазуы болуы тиіс.

15 15. Көше арқылы және магистраль жанынан өткенде ит иесі, жол-көлік апатын және иттің жолда өлуін болдырмау мақсатында, оны тізгінге алуға міндетті.

16 16. Одан әрі ұстауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, жануар басқа иеге берілуі немесе қаңғырған жануарларды аулауды жүзеге асыратын арнайы кәсіпорынға тапсырылуы тиіс.

17 17. Жануар өлген жағдайда, оның денесі мемлекеттік ветеринариялық инспектордың және ветеринариялық мекеме маманының қатысуымен қаралып, иесі оны қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының мал кемінділерінде жерлейді. Өлген жануардың денесін елді мекен аумағында лақтырып тастауға жол берілмейді.

18 18. Жануар иесінің меншігі болып табылады және басқа меншіктер сияқты заңмен қорғалады.

19 19. Жануарлар иесінен сот шешімі бойынша, сондай-ақ заңмен қарастырылған жағдайда алынуы мүмкін.

20 20. Иесі итін шектеулі уақытқа дүкеннің немесе басқа мекеменің жанында қысқа тізгінге байлаулы қалдыруға (ірі итті тұмылдырықта) құқылы.

Қолданыстағы