О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций
- Атауы (қаз.)
- Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 13.07.2007
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2016 34070_122866.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07KA000056
- ЭКБ идентификаторы
- 34070
- Редакция идентификаторы
- 34070_122866
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:20
0 Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы
Қарағанды қаласы әкімдігінің жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы ұсынысын қарастырып, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қарағанды қаласында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу орындары:
1
1) Бұқар Жырау даңғылы және "Жаңа Майқұдық" мәдениет үйі, "Молодежный" мәдениет үйі, "Теміржолшылар" мәдениет үйі, Әлиханов көшесі бойындағы "Мәңгі алау" естелік монументі, Республика даңғылындағы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі" және Приканальная көшесі бойындағы "Сүйінші" монументтері, Жауынгер-интернационалистер көшесі бойында цирк алдындағы "Юность", БЛКЖО 30 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс саябағындағы "Эстрадалық алаң", Бұқар Жырау даңғылы және Жауынгер-интернационалистер көшесі жағынан "Фонтандар каскады" алаңдары тиісті мемлекеттік органдармен ұйымдастырылатын облыстық және жергілікті маңызды ресми шараларды және де мемлекеттің, облыстың жоғары тұлғалары және Қарағанды қаласы басшылығының қатысуымен өзге де шараларды өткізу үшін;