О региональной программе противодействия незаконному обороту наркотиков и борьбы с наркопреступностью Күшін жойған
Басқа 0
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы
іс-қимылдар жасау және нашақорлық
қылмысқа қарсы күресу аймақтық
бағдарламасы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2001.01.04 N 01 шешімімен.
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс--қимылдарды жасауды жандандыру, нашақорлыққа қарсы күресуді күшейту қажеттілігіне байланысты және осы мәселе жөніндегі 1998 жылғы 23 желтоқсандағы есірткіні бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік комиссиясының хаттамалық шешіміне сәйкес:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы аумағында 1999-2000 жылдарға арналған есірткіні және есірткісі бар заттардың заңсыз айналымына және олардың теріс пайдалануына қарсы іс-қимылдар жасау жөніндегі аймақтық бағдарламасы бекітілсін (N 1 қосымша).
Қалалар және аудандар әкімдері, құқық қорғау органдары, облыстық басқармалар және департаменттер оны жүзеге асыру және жергілікті жағдайларға қарай облыс әкімінің 1999 жылғы шешіміне қосымша шаралар әзірлеу жөніндегі іс-шаралар қабылдасын.
Тармақ 2
2. Есірткі заттарды бақылау жөніндегі Облыстық аймақтық комиссия құрылсын (N 2 қосымша).
Есірткі заттарды бақылау жөніндегі комиссия есірткі заттарды бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия хатшылығымен және облыс әкімі аппаратымен тұрақты байланыста болсын.
Тармақ 3
3. Қалалар және аудандар әкімдері, ІІББ, әділет, денсаулық, салық полициясы, ақпарат және қоғамдық келісім, ҰХҚД, білім беру басқармалары, кеден басқармасы, облыстық әскери комиссариат, Қарағанды-Сортровка станциясындағы ЖІІБ 1999 жылғы 20 қазанға және 2001 жылғы 20 қаңтарға облыс әкімі аппаратына Аумақтық бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат тапсырсын.
Тармақ 4
4. Облы әкімінің 1997 жылғы 24 қарашадағы “1997-1998 жылдарға арналған есірткені теріс пайдалануға және заңсыз таратуға қарсы іс-қимыл жасаудың кешенді шаралары” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы N 152 шешімі - бақылаудан алынсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының құқықтық қатынастар жөніндегі бөлімге (Б.Ю.Айтуаров) жүктелсін.
Басқа 1. 1999-2000 жылға арналған Қарағанды облысы аумағында есірткінің
және құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналымына және
олардың теріс пайдалануына қарсы іс-қимылдар жасау жөніндегі аймақтық
БАҒДАРЛАМА
N 1 қосымша
Қарағанды облысы әкімінің
1999 жылғы 7 мамырдағы
N 90 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
1999-2000 жылға арналған Қарағанды облысы аумағында есірткінің
және құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналымына және
олардың теріс пайдалануына қарсы іс-қимылдар жасау жөніндегі аймақтық
БАҒДАРЛАМА
Қарағанды қаласы
Қылмысқа қарсы күресу жағдайының талдауы, оның пайдақорлық-зорлыққа бағытталғаны туралы куәландырады. Есірткімен байланысты тіркелген қылмыстар саны осуде, оның жеке салмағы 1999 жылғы 1 қаңтар жағдайына жалпы тіркелген қылмыстық 26,8%-н құрады, нашақорлық қылмыс 68,2%-ке ості.
Облыстағы қылмыстық жағдайды жақсарту үшін оның ішінде нашақорлыққа қарсы күрес ісінде де жаңа әдістер мен амалдар қажеттілігі туды.
Облыстық аймақтық бағдарламаның негізгі міндеті нашақорлық бизнесті тудыратын және қолдай тын мәселелердің кешенді түрде шешетін, әлеуметтік түбірлерді ашатын, салауатты өмір салтын және халықтың тұрмысын насихаттау долып табылады.
N
Жоспарланған шаралар
Орындалу мерзімі
Орындаушылар
Орындалуын бақылау
1
2
3
4
5
І. Ұйымдық шаралар
1.1
Құқық қорғау бақылаушы органдарын және қатысты департаменттер мен басқармалардың жұмыс жағдайын талдауды, нашақорлық пен күресу, есірткі және құрамында есірткісі бар заттардың таралуына қарсы іс-қимыл жасауды үйымдастырушы мәселері жөніндегі қылмыстық жағдайдың дамуына болжау, баға беру, талдауды қамтамасыз ету
1999-2000 жыл
Есірткі және есірткесі бар заттарды және олардың теріс пайдаланылуын бақылау жөніндегі аймақтық комиссия облыстың құқықтық қатынастар жөніндегі бөлімі
1.2
Облыстың қалалары мен аудандарындағы жиналыста мекемелер, еңбек ұжымдары мен оқу орындарында Қазақстан Републикасының "Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы және 1998 жылғы 2 шілдедегі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдарының есірткілік қылмыспен күресті нығайту бөлігін және есірткені бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 3 хаттамасының орындалу барыс талдау.
Жергілікті жағдайларды ескере отырп, тәрбиелік, санитарлы-ағартушылық және емдеу –сауықтыру шараларын есірткінің алдын алуға бағытталған жүйе әзірлеу.
1999 ж. ІІ- тоқсан
Қала және аудан әкімдері, құқық қорғау органдары, ОДБ, БД, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыстық әскери комиссариат, Қарағанды облыстық телерадиокомпаниясы , облыс әкімі аппаратының ішкі саясат әлеуметтік сала бөлімі
1.3
Есірткіні бақылау жөніндегі жұмысшы тонтардың отырыстарында есірткі және әсерлі заттардың теріс пайдаланылуына және таратылуына қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі озара байланысты арттыру мәселелерін қарастыру
Олардың іс-қимылдарын арттыру шараларын анықтау
Жарты жылдық бойынша
Қала және аудан әкімдері, құқық қорғау органдары, ОДБ, БД, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыстық әскери комиссариат
1.4
Облыс әкімшілігін нашақорлықтың таралуына мүмкіндік түзызушы кемшіліктер, себептер мен жағдайлар жөнінде хабардар етсін. Құрамында есірткі заттары бар дәрі-дәрмектің, улы заттардың есепке алынуы, сақталуы және сатылуы жөнінде ұсыныстар енгізу.
1999-
2000ж.
Облыстың БІІБ
1.5
Құрамында есірткі заттары бар, психотропты дәрі-дәрмектердің темір жол көлігімен тасымалдау және алып жүру кезіндегі сақталуын қамтамасыз ету тиімділігін арттыру жөніндегі бірлескен ұсыныс енгізу.
1999 жыл
І-жарты жылдық
БІІБ, кеден басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, Ақмола теміржол басқармасы
ІІ. Есірткі және токсокомания таратудың алдын алу жөніндегі шаралар
2.
Нашақорлыққа қарсы күресті нығайту мақсатына бейнефильм шығару, есірткі заттардын қолданудың кауіптілігі және зияндығы жөнінде профилактикалық плакаттардың шығаруын әзірлеу.
1999ж.
Облыстық БІІБ, ОДБ
2.1
Есірткі қолданатын адамдарды, оларды қолдануға баулушыларды, күдікті пәтерлер және олар жиналатын орындарды анықтау. Оларды есепке алу, жеке емдеу-профилактикалық шаралар қолдану. Нашақорлық дертімен ауыратындар және емделуден жалтарылатындарды ЕПМ жіберу үшін материалдар дайындау.
1999-
2000ж.
Үнемі
Облыстық БІІБ, ОДБ
2.2
Бостандығынан айырылғандар орындарында нашақорлықпен ауыратын анықтау, есепке алу және емдеу жөніндегі жұмыс жағдайын талдау. Осы жұмысты жақсарту жөніндегі ұсыныстар дайындалсын және шаралар қабылдау.
1999ж.
І-жарты жылдық
-**-
2.3
Бостандығынан айырылғандар орындарындағы нашақорлардың міндетті емделуі бөлінгіндегі сот шешімдерінің түзету мекемелері әкімшіліктерімен орындалуына бақылауды нығайту
Үнемі
Облыстық БІІБ, БІІБ-ның түзету жүйелері мкемелерінің басқармасы
2.4
Профилактикалық жұмыс откізу, есірткі және улы заттарды пайдаланушы адамдар туралы қажет ақпарат алу, сондай-ақ оларға медициналық және тәрбие сипатындағы шаралар қабылдау мақсатында жалпы білім беру мектептеріне, колледждер және жоғары оқу орындарына барып түру жұмыс кестесін дайындау
Үнемі
Облыстық БІІБ, ОДБ, кеден басқармалары, әскери комиссариат
2.5
Іздестіру заңдылығын бақылау, тергеу, облыс прокуратурасының ІІБ құқықтық статистика және ақпарат орталығымен есірткіні заңсыз тасымалдау және өткізумен байланысты қылмыстық істер жөніндегі мәліметтер банкін және бағдарламасын әзірлеуі.
1999ж. І- жарты жылдық
Облыстық прокуратура
2.6
Қылмыстық іс қозғалудан бас тартылған аз мөлшердегі есірткі заттарды алу фактілері жөніндегі материалдарды зерделеуді ұйымдастыру. Есірткіні тарату көздерін анықтау жөніндегі жедел- тергеу жұмыстарының жүргізілу сапасына ерекше көңіл бөлу.
Он күн сайын
Облыстық прокуратура, қала және аудан әкімдері
2.7
Қарағанды облысының қалалық аудандық соттарының есірткі заттардың заңсыз айналуы мен оны теріс пайдаланумен байланысты қылмыстық істерді қарау жөніндегі сот-тергеу тәжірибелерін жинақтау және жұмысын талдау соттардың істерді қарау сапасын арттыруы жөніндегі шаралар қабылдау.
Тоқсан
сайын
Әділет басқармасы облыстық сот
2.8
Есірткі заттарға қарсы күресу жөніндегі соттардың алдын алу жұмыстарын жетілдіру (қылмыс істеуге мүмкіндік туғызушы себептер мен жағдайларды жою, тергеу сапасына қатысты, сондай-ақ қылмысты ашу және болдырмауға бесенді қатысқан тұлғаларға қатысты жеке қаулылар қабылдау).
1999-
2000ж.
---*---
2.9
Қызметтік дайындық кезінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеке құрамының есірткімен са болу жағдайындағы түлғаларды және есірткі заттарды анықтау әдістерін оқытуды қамтамасыз ету. Жеке құраммен есірткі, улы заттармен күресу жөніндегі ішкі істер органдары қызметтерін реттеуші нормативтік құжаттарды зерделеу және сынақ қабылдау.
1999ж IV тоқсан
Облыстық БІІБ
2.10
Есірткі тасымалдау, сақтау және тарату үшін үсталған тұлғалардың электронды мәліметтер базасын құру үшін құжаттар әзірлеу.
1.08.99ж дейін
Кеден басқармасы
2.11
Облыстық құқық қорғау органдарының үйлестіру жиналысында есірткі заттардың заңсыз айналымына және оның облыстық қылмыстық жағдайына әсер етуі жөніндегі жұмысын талқылау және талдау, құқық қорғау орындарына осы жұмысты нағайту жөніндегі ұсыныстар әзірлеу.
1999ж.
ІІ тоқсан
Облыстық прокуратура, БІІБ, КБ, СПББ, ҰХКД
2.12
Облыстық газеттердің редакциялары тәжірибелі тілшілерге ішкі істер, ҰХКД, прокуратура, әділет, сот қоғамдық органдардың, жұртшылықтың есірткіге қарсы күресі жөніндегі жұмыстарын жариялауды тапсыру.
1999ж. ІІ тоқсан
Ақпарат, мәдениет және қоғамдық келісім басқармасы, облыстық газеттер редакциялары, телерадиокомпания, құқық қорғау органдары
2.13
Қазақстан Республикасы әскеріне шақырылатын және босатылатын кезде әскерге шақырылғандар мен әскерлерден қайтарылғандар арасынан есірткі және әсерлі заттарды медициналық мақсатта қолданбайтын адамдарға анықтау және облыстық әскери комиссариаттың есептеу орталынының мәліметтер банкіне есепке алу оларға профилактикалық сипаттағы шаралар қабылдау, БІІБ, АҚ, АІІБ хабарлама тапсыру.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоспары бойынша
Облыстық әскери комиссариат, ОДБ
2.14
Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі ІІБ бөлімшелері мен қызметтерінің кешендік тәжірибесін зерделеу және қорытындылау. Ынталы мемлекеттік органдармен озара іс-қимылдарды арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу. Есірткі заттармен байланысты қылмыстарды тергеу және анықтау, осы жұмыстарда озара іс-әрекеттерді жақсарту мәселелері жөніндегі семинар-кеңес откізу
1999-
2000ж.
Облыстық БІІБ, ҰХКД№ кеден басқармасы, салық полициясы
2.15
Есірткінің алдын алу мәселелері жөнінде облыстық шақыру комиссияларының медициналық қызметкерлері, мектептердегі бастапқы әскери дайындық ұйымдастырушыларына көмек үшін лекциялар тақырыптарын және әдістемелік нұсқамаларды әзірлеу.
---*---
Облыстық әскери комиссариат, ОДБ, білім беру департаменті
2.16
Есірткінің таратылуы және қолданылуына қарсы күресу мәселелері жөніндегі баспасөз, теледидар және радио қызметкерлерінің жиналыстарына тұрақты қатысу. Көрсетілген тақырып бойынша жергілікті теледидар және радио хабарларына және баспасөзге мақалалар дайындау.
---*---
Облыстық әскери комиссариат
2.17
Мектеп, колледж, КТМ және басқа оқу орындары оқушыларының алдында есірткі заттарды іздестіру және анықтаудағы иттердің жұмысын демонстрациялау арқылы есірткінің адам организміне қауіпті әсірі туралы дәрістер оқу.
Ай сайын
Кеден басқармасы
2.18
Мектептерге салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттауда нұсқамалы-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру және көмек көрсету:
- алкогольдік, темекі шегу, психологиялық белсенді және басқа есірткелік заттар мәселелері жөніндегі педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары, бағдарламалары арқылы;
- "Сорос-Қазақстан" қорынының қолдауымен облыстық білім беру басқармасының тоқсан сайынғы курстары арқылы;
- облыстық валеологиялық мектептері негізінде балаларды сауықтырудын ұйымдық жүйесі арқылы
1999-
2000ж.
Жүйелі
түрде
Облыстық білім беру департаменті, облыстық ИПК, , қалалық, аудандық білім беру департаменті
2.19
Облыс мектептерінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және төтенше жағдайларда тиімді шаралар қабылдай алу қабілеттерін оқыту жөніндегі белсенді үлгілерін енгізу (СПИД, нашақорлық, алкогольдік және темекі шегу жаттығулары)
1999-
2000ж.
жүйелі
түрде
Облыстық білім беру департаменті
2.20
Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың, токсикологияның және алкоголизмнің алдын алудың әдістері мен ғылыми негізделген үлгілерін әзірлеу және енгізу.
Жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын үйымдастыру үшін мектеп жайларының мүмкіндіктерін, спорттық алаңдар мүмкіндіктерін және басқа ресурстарды белсенді пайдалану.
2.21
Облыстық балалар және жасөспірімдер департаментінің, N95 Орта мектебінің "Өзіңе өзің көмектес" медико-психологиялық қызметінің негізіндегі жұмысты жалғастыру.
---*---
Облыстық білім беру департаменті
ІІІ. Есірткі заттардың таралу көздері мен арналарын жабу
3.
Өткен жылғы іс-қимылдар нәтижелерінің талдауын ескере отырып, есірткі заттардың және оларды дайындау шикізаттарының көздерін және таралу арналарын жабу, есірткі және қатты әсер етуші дәрі-дәрмектердің сақталу орындарынан ұрлану фактілерін аңықтау жөніндегі шаралардың жедел-іздестіру, ұйымдық –практикалық жоспарын (кешенді, ведомствоалық )дайындау.
Жыл
сайын
Қалалар және аудандар әкімдері, облыстық БІІБ, ҚІІБ, АІІБ, ҰҚКД, Қарағанды сұраптау станциясындағы көліктегі ІІЖБ, салық полициясы басқармасы, кеден басқармасы, облыстық жұмыспен қамту басқармасы
3.1
Облыс аумағында заңсыз көкнәр отырғызуды анықтау жөніндегі, жабайы қарақурай жинауды болдырмау, сондай-ақ медицина мекемелеріндегі есірткі және әсірлі емдеу дәрі-дәрмектерінің заңсыз айналымына бақылау жасау үшін "Көкнәр", "Допинг" жедел-профилактикалық операциялар жүргізу
Операциялармен тексірулер жүргізудің жоспарына сәйкес
Барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық ІІББ, облыстық денсаулық басқармасы, кеден басқармасы
3.2
"Көкнәр" операциясын өткізу кезінде автокөлік жолдарында, темір жол және әуе көліктерінде жолаушылар жүктерінің және қызмет көрсетуші қызметкерлердің арасындағы есісрткі заттарды заңсыз тасымалдаумен шұғылданатын тұлғаларды анықтау жөніндегі жедел-істестіру шараларын жүзеге асыру. Шу жотасымен шекаралас Мойынты станциясына есірткі заттардың түсу арнасын жабу үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің кезекшілігін орнату.
Есірткіні іздестіруді ұйымдастыру үшін ТМД оңтүстік аймақтарынан келуші және Қарағанды облысы арқылы отетін жолаушылар, пошта-жүк вагондарына, сондай-ақ теміржол вокзалдарының, әуе жайлардың және почта жіберілулерінің, жүк бөлімшелері мен сақтау камераларына көніл бөле отырып арнайы дайындалған іздеу иттерді пайдалану
---*---
облыстық БІІБ, Қарағанды сүраптау станциясындағы көліктегі ІІЖБ, салық полициясы басқармасы,кеден басқармасы
3.3.
1998-99 жылдардағы қолда бар аяқталған материалдар негізінде есірткі заттардың түсуі, жолдары, оларды тасамалдау мен жіберу әдістер, жабдықтаушылар аймақтыры туралы мәліметтерді жинақтау
1999 жыл.
IV тоқсан
Облыстық БІІБ, облыстық БІІБ жанындағы МКҚБ, денсаулық басқармасы, ҰҚКД
3.4.
Есірткі және улы заттар сақталатын қойма, дәріхана, емхана, аурухана және басқа да сақтау орындарының жарамдылығы мен бекітілу дәрежісін, сондай-ақ күзет-ескерту және ортке қарсы белгілердің дұрыстағы мен бар болуын тексеру.
Тексеру барысында кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау және есірткі заттардың сақталу орындарын арнайы техникалық құралдармен қоршау.
1999 жыл
II-III тоқсан
Облыстық БІІБ, облыстық БIIБ жанындағы МКҚБ, денсаулық басқармасы, ҰҚКД
Күзет орнатылмаған объектілер санын анықтау және оларды облыстық БІІБ жанындағы МКҚБ беру кезінде оларды сигнализация құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешу.
3.5.
Есірткі заттарды ұрлау фактілері туралы белгілерді, олардың заңыз жіберілуіне сыбайлас құқық бұзушылықтарына терең және уақытында, осы топтағы қылмыстық істердің дереу және сапалы тексерілуін қамтамасыз ету.
Үнемі
Облыстық БІІБ және оның жерлердегі органдары, ҰХКД, ОДБ
3.6.
Сақталу және жарамдылық мерзімі отіп кеткен, сондай-ақ тікелей мақсатқа пайдалануға мүмкіндегі болмауына байланысты есірткі заттарды медициналық мекемелердің жою дұрыстығы мен тәртібіне және фармацевті заводтарға жіберілу жолдарынына жүйелі тексеріс жүргізу
---*---
Облыстық БІІБ, ОДБ
3.7.
Жергілікті жағдайларды ескере отырып патрульды-посттық нарядтардың, оларға есірткі және әсерлі заттарды сақтау объектілерін қоса отырып кезекшілік жасау маршруттарын дайындау.
1999ж.
Облыстық БІІБ
3.8.
Қарағанда облысының дала жолдары бойынша есірткі шикізаттары мен есірткілерді тасымалдаумен айналысатын автокөліктердің маршруттар қозғалысын анықтау үшін кіші әуежай мүмкіндінтерін пайдалану
1999-
2000ж.
БІІБ, әуежай ЛІІБ, Қарағанды әуе компаниясы, Кеден басқармасы.
3.9.
Денсаулық сақтау мекемелерін есірткі заттарды сатып алу үшін құжаттарды үрлау, жалған құжаттар мен морлерді жасау және таратудың мүмкін фактілерін уақытында анықтау мақсатында емделу дәрі-дәрмектерін есепке алу, тұрғындарға жіберу және сақтау тексерістерін жүзеге асыру
Тоқсан сайын
Облыстық БІІБ, ОДБ және оның жерлердегі органдары
Олардың таралу көздері мен арналарын жою жөнінде нақты шаралар қабылдау
3.10
Нашақорлардың міндетті түрде емделуге жіберу іс-тәжірибесін жинақтау және осы мәселе бойынша ішкі істер органдарына, соттарға және денсаулық сақтау басқармаларына сәйкес түсіндірмелер жіберу
1999 ж. ІІІ тоқсан
ОДБ, Облыстық БІІБ, әділет басқармасы, облыстық сот
IV.Материалды-техникалық қамсыздандыру
4.
Қаржылық мүмкіндіктерді секере отырып ІІБ, АҚ, АІІБ үшін есірткі заттармен күрему жөніндегі арнайы техникалар сатып алу, жоғары отімді автокөліктер, түнде кору құралдарын, тасымалды радиостанциялар, компьютерлер болу жөнінде көмек көрсету
1999ж.
Қалалар және аудандар әкімдері, облыстық БІІБ,
4.1.
Есіркімен байланысты қылмыстар жасауға қолданылған сот үкімімен алынған автокөліктерді, аудио- видио техникалар мен басқа құралдарды ішкі істер органдарының метериалды –техникалық базасын нығайту мақсатында беру туралы үсыныстар енгізу
1999 ж.
ІІ жарты
жылдық
Облыстық БІІБ, әділет басқармасы, облыстық сот
4.2
Дала жолдарындағы есірткі тасымалдаушыларды анықтау және аумақтарды шолу мақсатында облыстық БІІБ үшін МИ-2 тік үшағын жалға алуға. Жезқазған қаласында жанар-жағар май қүюға ақшалай қаржы болу мүмкіндігін зерделеу
1999ж
Облыстық БІІБ, облыстық қаржы басқармасы
V. Бағдарламаның орындалуына бақылау және
іс-жүзінде көмек көрсету
5.
Есірткі және құрамында есірткі бар заттарды тарату және өткізу, жеткізумен байланысты қылмыстарды анықтау және тергеу, құқық қорғау органдарының озара іс-қимылдары мәселелері бойынша БІІБ негізінде семинар-кеңес әзірлеу және өткізуге қатысу
1999ж. қырқүйек-қазан
Облыстық әкімшіліктің құқықтық қатынастар жөніндегі бөлімі, облыстық БІІБ, ҰХКД
5.1.
Облыстық 2-3 ауданына есірткі бизнесімен күресу және ішкі істер органдарының денсаулық сақтау, білім беру, салық полициясы, кеден комитеті органдарымен озара іс-қимылдарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарына іс- жүзінде көмек көрсету.
Тоқсан сайын
Облыстық БІІБ және оның есірткі бизнесіне қарсы күресу жөніндегі басқармалары, кеден комитеті, Қарағанды сұраптау станциясындағы көліктегі ІІЖБ, облыстық денсаулық басқармасы, жол департаменті, салық полициясы басқармасы
5.2.
Ведомствалық тексерулер кезінде жерлерде "1999-2000 жылғы арналған Қарағанды облысы аумағында есірткінің және құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналымына және олардың теріс пайдалануына қарсы іс-қимылдар жасау жөніндегі аймақтық бағдарламасының" орындалу барысын тексеру. Оның жүзеге асырылуына қажетті көмек көрсету.
1999-
2000ж.
Облыстық БІІБ, ҰХКД, облыстық прокуратура, әділет басқармасы, ОДБ, ББД, салық полициясы басқармасы, облыстық әкімшіліктің құқықтық қатынастар және ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімдері
Басқа 2. Қарағанды облысында есірткі
заттарды бақылау жөніндегі
АЙМАҚТЫҚ КОМИССИЯ
Облыс әкімінің
1999 жылғы 7 мамырдағы
N90 шешіміне
N 2 қосымша
Қарағанды облысында есірткі
заттарды бақылау жөніндегі
АЙМАҚТЫҚ КОМИССИЯ
Тармақ 1
1. Хайролла Брәліұлы Қабжанов Облыс әкімінің орынбасары
Тармақ 2
2. Марат Зейноллаұлы Әубәкіров Облыстық ішкі істер Бас басқармасы
бастығының орынбасары, төраға
орынбасары
Тармақ 3
3. Владимир Павлович Сластунов Облыс әкімі аппаратының құқықтық
қатынастар жөніндегі бөлімінің бас
маманы
Комиссия мүшелері:
Тармақ 4
4. Олег Леонидович Лимаренко Облыстық БІІБ есірткімен күресу
жөніндегі басқармасының бастығы
Тармақ 5
5. Гүлнар Әбдіғалиқызы Аманжолова Облыстық әділет басқармасы
бастығының орынбасары
Тармақ 6
6. Темірбай Бләлұлы Ахметов Қарағанды – Сұраптау станциясындағы
жүйелік ішкі істер бөлімі бастығының
орынбасары
Тармақ 7
7. Мауледа Қырғызбайқызы Жошина Қарағанды облыстық білім беру
департаменті бастығының орынбасары
Тармақ 8
8. Ардақ Уәліұлы Жабағин Қарағанды облыстық ҰХКД бөлімше
Бастығы
Тармақ 9
9. Татьяна Григорьевна Житнякова Қарағанды облыстық медико-әлеуметтік
көмек көрсету орталығы диспансерлік
бөлімшесінің меңгерушісі
Тармақ 10
10. Серік Тохметұлы Омаров Қарағанды облыстық салық полициясы
Бас басқармасының акцизделген
өнімдердің заңсыз айналымына қарсы
күресу бөлімі бастығы орынбасарының
міндетін атқарушы
Тармақ 11
11. Алексей Иванович Тыщенко Қарағанды облыстық кеден
басқармасының контрабанда және кеден
ережелерін бұзуға қарсы күрес жөніндегі
бөлім бастығы