Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил прикомандирования сотрудников уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан к государственным органам и международным организациям

Қаулы · № 614 · қабылданған 19.07.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-34117/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил прикомандирования сотрудников уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан к государственным органам и международным организациям Күшін жойған Қаулы ·№ 614 ·19.07.2007
20.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил прикомандирования сотрудников уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан к государственным органам и международным организациям

Күшін жойған Қаулы ·№ 614 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил прикомандирования сотрудников уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан к государственным органам и международным организациям
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
614
Қабылданған күні
19.07.2007
Көрсетілген редакция
20.10.2011 AI34117_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000614_
ЭКБ идентификаторы
34117
Редакция идентификаторы
AI34117_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:16

0 Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу ережесін бекіту туралы

"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 28-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 шілдедегі
N 614 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу ережесі

1

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін (бұдан әрі - ҚАЖ-дың қызметкерлері) мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - халықаралық ұйымдар) қылмыстық-атқару қызметінің аясындағы міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару жүйесінің кадрында қалдырылып, іссапарға жіберу (бұдан әрі - іссапарға жіберілген адамдар) тәртібін айқындайды.

2

2. ҚАЖ-дың қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне іссапарға жіберу, аттестаттау, оларға лауазымдық жалақы, сауықтыру жәрдемақылары мен сыйлықақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 826 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, прокуратураның қызметкерлерін Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарына іссапарға жіберу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

3 3. ҚАЖ-дың қызметкерлерін халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу, егер тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі актісінің негізінде жүзеге асырылады.

Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген адамдарға халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген, егер тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, оларды ұстауға көзделген қаражат есебінен жалақы төленеді.
Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген адамдарды аттестаттау ҚАЖ-дың қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

4 4. Іссапарға жіберілген адамдарда ҚАЖ-дың қызметкерлері мәртебесі сақталады.

Іссапарға жіберілген адамдарға арнайы атақтар беру Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Іссапарға жіберілген адамдарға өзге де төлемдер, сондай-ақ оларды заттай мүлікпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесін ұстауға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте бір жолғы сипаттағы төлемдер жөнінде іссапарға жіберілгенге дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақылары есепке алынады.

5

5. Іссапарға жіберілген адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте олардың Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының аппараттарында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде атқарып отырған лауазымдары бойынша лауазымдық жалақылары, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген адамдар үшін іссапарға жіберілгенге дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақылар есепке алынады.

Қолданыстағы