Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны озера Шыбындыколь и водоохранной полосы в створе земельных участков базы отдыха "Таинты" и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 162 · қабылданған 03.07.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-34167/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны озера Шыбындыколь и водоохранной полосы в створе земельных участков базы отдыха "Таинты" и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 162 ·03.07.2007
22.12.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранной зоны озера Шыбындыколь и водоохранной полосы в створе земельных участков базы отдыха "Таинты" и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 162 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны озера Шыбындыколь и водоохранной полосы в створе земельных участков базы отдыха "Таинты" и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шыбындыкөл көлінің су қорғау аймағы мен "Тайынты" демалыс базасының жер учаскелерінің тұстамасындағы су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
162
Қабылданған күні
03.07.2007
Көрсетілген редакция
22.12.2016 34167_165707.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07V0002449
ЭКБ идентификаторы
34167
Редакция идентификаторы
34167_165707
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:25

0 Шыбындыкөл көлінің су қорғау аймағы мен "Тайынты" демалыс базасының жер учаскелерінің тұстамасындағы су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына,«Шыбындыкөл көлінің су қорғау аймағы мен «Тайынты» демалыс базасының жер учаскелерінің тұстамасындағы су қорғау белдеуінің шекаралары» жобасына сәйкес және су объектілерін ластанудан және сарқылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 1 қосымшаға сәйкес Шыбындыкөл көлінің су қорғау аймағы мен "Тайынты" демалыс базасының жер учаскелерінің тұстамасындағы су қорғау белдеуі белгіленсін.

2 2. 2 қосымшаға сәйкес Шыбындыкөл көлінің "Тайынты" демалыс базасының жер учаскелерінің тұстамасындағы су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі белгіленсін.

3

3. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті (В.Р.Колесников) "Шыбындыкөл көлінің су қорғау аймағы мен "Тайынты" демалыс базасының жер учаскелерінің тұстамасындағы су қорғау белдеуінің шекаралары" жобасын, мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары И.В. Белихинге жүктелсін.

5 5. Ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Ертіс бассейнді су шаруашылық
басқармасының бастығы

6 Шыбындыкөл көлінің су қорғау аймағы мен "Тайынты" демалыс базасының жер учаскелерінің тұстамасындағы су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2007 жылғы
2007 жылғы 3 шілдедегі
№ 162 қаулысына
№ 1 қосымша
Шыбындыкөл көлінің су қорғау аймағы мен "Тайынты" демалыс
базасының жер учаскелерінің тұстамасындағы су қорғау белдеуі
Рет саны
Су объекті-
сі, оның
учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
шекара-
сының
ұзындығы,
(шақырым)

рым алаңы,

(гектар)

тар ені

(метр)
шекара-
сының
ұзындығы,
(шақырым)

рым алаңы,

(гектар)

тар ені

(метр)
1.
Шыбындыкөлкөлі
7,15
344,13
250-750
1,41
5,37
18-35
Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Шыбындыкөл көлінің су қорғау аймағы мен "Тайынты" демалыс базасының жер учаскелерінің тұстамасындағы су қорғау белдеуінің шекаралары" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
Шығыс Қазақстан облысы
табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу
департаментінің директоры

11 Шыбындыкөл көлінің "Тайынты" демалыс базасының жер учаскелерінің тұстамасындағы су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2007 жылғы
2007 жылғы 3 шілдедегі
№ 162 қаулысына
№ 2 қосымша
Шыбындыкөл көлінің "Тайынты" демалыс базасының жер
учаскелерінің тұстамасындағы су қорғау аймағының аумағын
шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі

1 1. Су қорғау аймағының шегінде мыналарға тыйым салынады:

1

1) су объектілерінің су жинау алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдануға тыйым салынады. Су объектілерінің су жинау алаңы мен санитарлық қорғау аймағында дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жүргізіледі;

2 2) көлге радиоактивті және уытты заттарды төгуге және көмуге;

3 3) тазарту имаратты жоқ және тиімді тазартудың нормативтеріне сәйкес қамтамасыз етілмеген өнеркәсіптік, тамақ объектілерінің сарқынды суларының көлге құйылуына;

4 4) көлде уытты заттарды бөлетін жарылыс жұмыстарын жүргізуге;

5 5) көлдің су жинау алаңының, оның мұз жамылғысының, шайылуы көлдің суының сапасын нашарлатуға әкеліп соғатын қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтармен ластануына;

6 6) көлден суды лимиттен тыс қайтарымсыз алуға;

7 7) жерді жыртуға, малды мөлшерсіз жаюға, оларды тоғытуға және санитарлық өңдеуге, су тоғанының режимін нашарлататын шаруашылық қызметтердің басқа да түрлеріне;

8 8) көлдің және оның су қорғау аймағы мен белдеуінің ластануы мен қоқысталуына жол бермейтін имараттармен және қондырғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және жаңғыртылған объектілерді пайдалануға беруге;

9 9) құрылыс, судың түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізу, пайдалы қазбаларды өндіру, кабель, құбыр желісі мен басқа да коммуникацияларды төсеу, бұрғылау, ауыл шаруашылық және басқа да жұмыстарды белгіленген тәртіппен арнайы уәкілетті органдармен келісілген жобаларсыз жүргізуге;

10

10) судың сапасына кері әсерін тигізетін минералдық және органикалық тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, техникалық қызмет көрсету және автомашиналар мен ауыл шаруашылығы техникаларын жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды орналастыруға және құрылысын салуға, қоқыс пен өндірістік қалдықтар күресінін орнатуға, мал өлігін көметін орындарды, аппаратураларға пестицидтер мен улы химикаттарды құю алаңқайларын, авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізу үшін ұшу-қону алаңқайларын және басқа да объектілерді орналастыруға;

11 11) су көздеріндегі судың кемерінен 2000 метрден кем қашықтықта улы химикаттар мен минералды тыңайтқыштарды қолданумен ауыл шаруашылығының дақылдары мен екпе ағаштарға авиациялық өңдеуді қолдануға;

12 12) бас пайдаланудағы ағаш кесуді жүзеге асыруға.

2 2. Су қорғау белдеуінің шегінде, су қорғау аймағы үшін белгіленген шектеулерден басқа, мыналарға тыйым салынады:

1 1) арнайы маңызы бар бас тоған, суды реттеуші, қорғау және басқа имараттардан өзге имараттар мен ғимараттардың құрылысын салуға;

2 2) жерді жыртуға, мал жаюға, ағаш және бұта өсімдіктерін шабуға;

3 3) палаткалы қалашықтарды, автомобильдердің тұрағын, малға арналған жазғы лагерьлерді салуға.

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды
реттеу департаментінің директоры

Қолданыстағы