Құжат мәтініне өту

О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Акмолинский финансово-экономический колледж" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қаулы · № 624 · қабылданған 24.07.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-34220/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Акмолинский финансово-экономический колледж" Министерства образования и науки Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 624 ·24.07.2007
19.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Акмолинский финансово-экономический колледж" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 624 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Акмолинский финансово-экономический колледж" Министерства образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Ақмола қаржы-экономикалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
624
Қабылданған күні
24.07.2007
Көрсетілген редакция
19.08.2022 34220_591956.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000624_
ЭКБ идентификаторы
34220
Редакция идентификаторы
34220_591956
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:13

0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Ақмола қаржы-экономикалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Кәсіби қызмет саласындағы қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ақмола қаржы-экономикалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні қаржы жүйесі органдарының мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру болып белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) қоғам жарғысын бекітуді;

2 2) қоғамның Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3 3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне

беруді;

4 4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 24 шілдедегі
N 624 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-94-жолмен толықтырылсын:
"21-94.»"Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" АҚ".

3 3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 217-10-жолмен толықтырылсын:
"217-10.»"Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" АҚ".

4

5 5. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.

Қолданыстағы