О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Акмолинский финансово-экономический колледж" Министерства образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Акмолинский финансово-экономический колледж" Министерства образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Ақмола қаржы-экономикалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 624
- Қабылданған күні
- 24.07.2007
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2022 34220_591956.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000624_
- ЭКБ идентификаторы
- 34220
- Редакция идентификаторы
- 34220_591956
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:13
0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Ақмола қаржы-экономикалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Кәсіби қызмет саласындағы қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ақмола қаржы-экономикалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні қаржы жүйесі органдарының мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғам жарғысын бекітуді;
2) қоғамның Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне
беруді;
4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 24 шілдедегі
N 624 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-94-жолмен толықтырылсын:
"21-94.»"Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" АҚ".
3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 217-10-жолмен толықтырылсын:
"217-10.»"Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы" АҚ".