Қолданыстағы ред. 05.07.2007 (Редакция 34311_371294.kaz)

Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру қағидасы туралы от 05.07.2007 г. № 38-7 (Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру қағидасы туралы)

0

Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру кағидасы туралы
Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 6-бабын Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексі туралы" Заңын басшылыққа алып Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ;

1

1. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық мәлімметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру туралы есептелтен өлеуметтік нормалар бекітілсін (Қосымша № 1).

2

2. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 3 маусымдағы № 18-9 Тұрмысы мен азаматтарға үйді үстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу тұрғын үй жәрдемақыларын беру қағидасы туралы (08.07.2005 жылғы мемлекеттік тіркеу № 5-5-3 “Абай ауылы” № 14-15 (5983-84) 1-15 шілде 2005 жылы шешімінің күші жойылсын.

3

3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа еңгізіледі;

4

4. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Абай ауданының әділет басқармасында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне екеді.

5. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке акы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ҚАҒИДА

Абай аудандык мәслихаттың
5 шілде 2007 жылғы 38-7
шешімінің № 1 қосымшасы
Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке акы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ҚАҒИДА

1. 1. Тұрғын үй көмегі

1. Тұрғын үй көмегі

1

1. «Тұрмыстық қатынастар туралы» Казақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірдегі № 94-1 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына үйді ұстауға (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан тыс) және үй-коммуналдық қызметті тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі.

2

2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік ұй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) бір рет беріледі.

3

3. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұракты тұратын және тұргын иелері немесе оның жалдаушысы (жалгерлері) болып табыдатын тұрмысы төмен отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады. Тұрғын үйді бір әкімшілік-аумақтық пункт шегінде жалдайтын адам, осы пунктің баска мекен-жайы бойынша тіркелуі мүмкін,

4

4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстаү мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.

5

5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетің шығыс үдесі отбасының жиыктық кірістерінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

6

6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді ұстау шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифтерді қамту) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленеді.

7

7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетүшілер береді.

2. 2. Тұрғын уй көмегін беру шарттары

2. Тұрғын уй көмегін беру шарттары

8

8. Жеке меншігінде 1 бірілктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу қүқығынан айырылады.

9

9. Жұмысқа жарамды, бірақ жүмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішінде 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 1- ші, 2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери кызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.

10

10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмыска орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу қүқығынан алты айға айырылады.

11

11. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұракты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақыланы тағайындалады, бұрыңғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіледі және бақылауға алынады. Ескі қарыздың жойылуы коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіліп бақыланады.

12

12. Тоқсан сайын тұрғын үй көмегін алушыларға қайта аттестациялауды жүргізу керек. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.

13

13. Егер отбасының ортандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, үйді ұстауға және үй-коммуналдық кызметке төлеу үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттын мерзімінде бір есептік көрсеткішке кемиді.

14

14. Жалғыз басты зейнеткердердің, мүгедектері, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлермен мүгедектердің, сондай-ак құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде екі есептік көрсеткішке/кемиді/ реттеледі.

15

15. Орталықтан жылитын жеке үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердін тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған төлемі тарифтерде есепке алынсын.

16

16. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылту мезгілінде жылу мен ыстық қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылту приборлары арқылы жылитын пәтер иелеріне тағайындалады, Электқуатының төлемі жылтумен ыстық судын, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушіні тарифтарға сәйкес, төлеміне зквиваленттік есептелсін.

17

17. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұргын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:

1

1) үміткер заңды некеде болса, бірак зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептелелі және жөрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тіркелмеген зайыбы немесе жүбайы өзінің тұрғылықты жерінен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу керек;

2

2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының сол мекенжайы бойышы қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және қүқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;

3

3) үміткердің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;

4

4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табысталы және олардың тұрғын ұй жәрдемақыларың алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет.

18

18. Тұрғын үй жәрдемақыларың алуға үміткер немесе алушы отбасылар соны ресімдеу үшін мынадай құжаттарды қоса берумен өтініш ұсынады: төлқұжат немесе жеке куәлік (тоқсан сайын), тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына 1 рет, келесі жылдың аттестациясына дейін) немесе , отбасы құрамы туралы акықтама (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациясына дейін немесе басқа өзгерістерге дейін), отбасы табыстары (еңбекақы, жәрдемақы, зейкетақы, т.б) туратын анықтама (тоқсан сайын, талаптану айдық алдындағы 3 айға), жасқа байланысты зейнетақы (жылына бір рет жөне тоқсан сайынғы аттестациядан өтү, сақтау кітапшасы немесе жеткізу есеп қағазы), қызмет көрсетушіден тұрғын үйге ақы телеу туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациялауына немесе тарифтер езгергенге дейін), барлық коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртектер (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жүмыссыздарға жұмыспен қамту бөлімімен анықтама (тоқсан сайын). Жеке меншік шаруашылық туралы ақпарат (жылына 1 рет немесе басқа өзгерістер болса).

19

19. Тапсырылған құжатттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш жасалады, оған тұрғын үй көмегін есептелуі енгізіледі. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады,

20

20. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысың берудің негізі болып табылады (1 қосымша).

21

21. Электрмен қамту, газбен қамту, канализация, жылумен қамту, коқыс шығару, лифтерді қамту, тұрғын үйді пайдалану бойынша шығындар талаптану тоқсанның алдындығы тоқсанның орташа тубіртектері бойынша есептеледі,

22

22. Тұрғын үй көмегі өтініш жөне баска қүжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады, кезекті тоқсан сайынғы қайта аттестациялак белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (етінушінің ауыруы, курорт, шипажайда емделуіне, туыскандарының ауыруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса).

23

23. Тұрғын үй көмегін алушы және тұрғын үй көмегі қызметтері жасаған тізім бойынша тоқсан салынғы аттестациядан өтетін отбасылар.
Құжаттарды дайындағанға қарамастан, тұрғын үй жәрдемақысын тоқсанға алады. Тоқсандық ағымында бойынша кайта аттестациядан өтпеген отбасыларға тұрғын үй көмегі өтінген айдан бастап тағайындалады.

24

24. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы құрамысың және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек.

25

25. Берілген ақпараттың жылдығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығымдары және отбасы мүшелерінін шындық тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы . Заңды және жеке түлғалар шындық акпарат беруге міндетті. Талаптанған құжатттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жөрдемақысы тағайыңдалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) құқықсыз алған сомасын өз еркімен кайтарады, ал бас тартқак жағдайда - сот төртібінде.

3. 3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

26

26. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгердің (меншік үй иесінің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формула:
П=МСПЖА
П - тұрғын үй көмегінің мөлшері
МСПЖ - тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=20%) отбасының жиынтық табыстары

4. 4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу

4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу

27

27. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгідеуге тұрғын үй жәрдемін тағайындайтын уәкілетті органымен жүргізіледі,

28

28. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері тұрғын үй көмегіне өтініш берген токсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, қайтыс болғандарды жерлеу мен бала туғандағы бір жолғы төлемдерден басқа есепке алынды. Отбасының табысында алынған микронесиелердін сомалары есептелінбейді. Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтердің негізінде есептеледі.

29

29. Ауылдық жердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай үчаскелерден бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда үш есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынақ екі және одан көп бас болғанда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.

30

30. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмағал үй малы есепке алынбайды. Жеке кәсіптік істерден, мүдіктік және жер пайынын түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.

31

31. Құжаттамалы расталған табыстар түрдеріне еңбектер зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебісіз саналады, егер де төлеуші:

1

1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәседелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелмеген (анықтама ұсынылғанда);

2

2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);

3

3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторияларында (ЕПП) емделуде немесе есепте болған (анықтама үсынылғанда);

4

4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жок мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.

32

32. Ішкі істер органдары тұрғыдыкты жердері бойынша тіркелген адамдарды Қазакстан Республикасы Үкіметінің 12.07.2000 жылғы № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғындарын кұжаттандыру және тіркеу қағидаларына сәйкес есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы токсанға отбасының барлық мүшелерінін және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.

33

33. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиының табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстын жиыны есепке алынады, Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.

34

34. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүсіпелерінің санына және 3 жолымен есептеледі.

35

35. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің сенімділігіне заңда белгіленген тәртіпте жауапты.

5. 5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарымда тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі

5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарымда тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі

36

36. Өздері жылытатын жеке меңшк үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй жәрдемақысы үй иесніе. жалдаушылартұрғын үйді жалдауға кешсім-шарт болғанда беріледі.

37

37. Өздері жылытатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метіріне 129.8 кг. бірак бір үйге 5000 кг аспауы керек.

38

38. Көмірдің күнын есептеу үшін қала бойынша облыстық статистика баскармасының ұсынуымен орташа бағаны қолданамыз және токсанның соңғы айында есептелген әлеуметтік көмек мүмкіншілігіне қараймыз (желтоқсан. наурыз. маусым, қыркүйек).

39

39. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.

40

40. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдін кұнын) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға аламыз.

41

41. Тұрғын уй көмегік есептегенде жеке меншік үй қүрылысыяда тұратын отбасының табысын өтініш берген токсанның алдындағы тоқсанға есептеу кеоек

42

42. Заң бойынша бір үйдің біунеше леш болса, онда тұрғын үй көмегі әр үй иесіне (жанұяға) тағайындалады, сонымен қатар бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр отбасына, алып отырған ауданына байланысты сайма сай бөлінеді.

43

43. Электр қуаты, газ, су, қоқыс шығындарын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы квитанциялардың орташаларын есепке алу керек.

6. 6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі

6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі

44

44. Тұрғын үй көмегі қалалар мен аудандардың бюджет қаражаттарының есебінен көрсетіледі, Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.

45

45. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы максаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептелуі жолымен екінші деңгейдегі банкілер (бұдан әрі тиісті банкілер) арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік бөлімдері және тиісті банкілер арасындағы жасалған агенттік желісімімен белгіленеді.

46

46. Тиісті банкілердін филиалдары жоқ Қазакстан Республикасының елді мекендерінде аталған төлемдер агенттік келісім негізінде аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік корғау бөлімдерімен белгіленген органдар арқылы жүргізіледі.
Абай аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдармалар
бөлімінің бастығы: С. Тәтиева

66. Абай ауданы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын есептеудін әлеуметтік нормалары

Абай ауданы мәслихатының
5 шілде 2007 жылғы
№ 38-7 шешімнің № 2
қосымша
Абай ауданы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын есептеудін әлеуметтік нормалары