О комиссии по делам семьи и женщин при Акиме области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О комиссии по делам семьи и женщин при Акиме области
- Атауы (қаз.)
- Облыс Әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 17.03.1999
- Көрсетілген редакция
- 17.03.1999 3432_190360.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99C000087_
- ЭКБ идентификаторы
- 3432
- Редакция идентификаторы
- 3432_190360
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:18
0 Облыс Әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыс Әкімінің жанынан отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия құрылсын. Комиссия туралы ереже мен оның құрамы бекітілсін. ( № 1 және № 2 қосымша)
2. Облыс Әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия төрағасы болып облыс Әкімінің орынбасары Е. Н. Дошаев .бекітілсін.
3. Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдеріне қала, аудандар әкімдері жанынан отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиялар құру ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Е. Н. Дошаевқа жүктелсін.
5 Облыс Әкімінің 1999 жылғы
17 наурыздағы № 35 шешімімен
бекітілді
Облыс Әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Облыс Әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) облыс, қала және аудан әкімдеі» жанындағы консультативтік - кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актілері, Әкімнің шешімдері, Казақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссияның ұсынымдары мен
ұсыныстары, сондай-ақ осы ереже құрайды.
2 ІІ Комиссияның негізгі міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және
әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссияның белгілеген ұсынымдары мен басымдықтарына сәйкес отбасы әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі облыстық бағдарламаларды қалыптастыру;
2) отбасын, әйелдер мен балалары әлеуметтік, экономикалық зандық және психологиялық қолдау жөніндегі өзге де іс-шараларды әзірлеуге және жүзегү асыруға қатысу;
3) халықтың денсаулық жағдайын, ана мен баланы қорғауды, отбасының тыныс- тіршілігінің әлеуметтік – экономикалық шарттарын қайта өркендету процестеріне кешенді талдау жүргізу;
4) отбасының, әйелдер мен балалардың қоғамның экономикалық, әлеуметтік- саяси және мәдени өміріндегі нақты жағдайы мәселелері жөніндегі ақпаратгық базаны қалыптастыруға қатысу;
5) әйелдердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарға өкілдігін кеңейтуге жәрдемдесу;
6) әйелдерді тарта отырып, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөнінде ұсыныс әзірлеу және оны іске асыруға қатысу;
7) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытта ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын қарауға қатысу;
8) көп балалы және аз камтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуді жүзеге асыруға, мектепте жаппай оқуды қамтамасыз етуге, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі өзге де әлеуметтік жобаларды іске асыруға
жәрдемдесу ;
9) жергілікті өкілді және атқарушы органдар үшін Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
10) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайы аспектілерін неғұрлым толық және объективті көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
11) өз кұзыретінің шегінде барлық мүдделі ұйымдармен ынтымақтас, сондай-ақ отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөнінде аумақтық конференциялар, семинарлар мен кеңестер өткізу;
12) функциялары жөнінен өзінен төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету.
3 III. Комиссияның өкілеттігі
4. Комиссия өз құзыретінің шегінде:
1) өзінің отырысында Әкімге тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекетгік органдардың басшыларын шақыруға және таңдауға;
2) белгіленген тәртіппен өз қызметін жүзеге асыру үшін қажет құжаттар, материалдар және ақпарат сұратуға;
3) тиісті жергілікті мемлекетгік органдардың басшыларына отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін заңдардың бұзылуы жол берілген фактілер бойынша тексерулер мен қызметтік тексерістер жүргізу туралы ұсыныстар енгізуге;
4) белгіленген тәртіппен Комиссияның отырыстарын дайындауға, тексерулерге және аймақтық бағдарламаларды дайындауға қатысу үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде қоғамдастықтың беделді және кәсіби даярланған өкілдерін тартуға;
5) функңиялары бойынша өзінен төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіруге және бақылауға;
6) әйелдердің арасынан кандидатураларын басшы лауазымдарға
ұсынуға жәрдемдесуге;
7) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту мақсатыңда жергілікті мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестіктерге және өзге ұйымдарға статистикалық, талдаулық, әдістемелік және өзге ақпараттық материалдар жолдауға құқылы;
8) комиссия азаматтардың келіп түскен өтішштерін қарау, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларының қорытындысы бойынша шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органның, немесе лауазымды тұлганың қарауына материалдар жолдай алады;
4 IV. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
5) Комиссия өз қызметін Әкім бекіткен ереженің негізінде жүзеге асырады.
6) Комиссияны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссиның төрағасымен келісім бойынша Әкім тағайындайтын төраға басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары бола алады.
7) Комиссияға, әдетте, жергілікті мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.
Комиссияның сандық және жеке құрамын Комиссия төрағасының ұсынысы бойынша Әкім белгілейді.
8) Комиссиялардың отырысы қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
9) Комиссия шешімді Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысып отырған санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Комиссия отырысы егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 қатысса құқық күші бар болып саналады. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
10) Комиссияның төрағасы:
1) Комиссияның қызметіне басшылық жасауды ұйымдастыруды
жүзеге асырады;
2) Комиссия отырысының күн тәртібін белгілейді;
3) Комиссияның отырыстарын шақырады және төрағалық етеді. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның тапсырысы бойынша отырыстарға оның орынбасары немесе Комиссия мүшелерінің бірі төрағалық етеді;
4) Комиссия мүшелерінің қатарынан Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша баяндамашы белгілейді;
5) Тоқсан сайын Әкім мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының алдында Комиссия жұмысының қорытындылары туралы есеп береді;
6) Әкімнің шешімінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5 V. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету
12. Комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық камтамасыз етуде, функциясын Әкімнің аппаратының құрылымдық бөлімдерінің бірі орындайтын оның хатшылығы жүзеге асырады.
48 Облыс Әкімінің 1999 жылдың
17 наурызында қабылдаған
№ З5 шешіміне № қосымша
Облыс Әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияның құрамы
Дошаев Ерген
Николайұлы
- облыс Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Сақұлова Хабиба
Диярқызы
- Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясы атқарушы секретариатының меңгерушісі, төрағаның орынбасары
Сәрсенова Роза
Сәрсенқызы
- облыс Әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеумепік сала бөлімің консультанты, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
1. Алдашев Жұмамұрат Ердәулетұлы
- облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
2. Алдиярова Мәслихат Мүтіғоллақызы
- аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қордың атқарушы директоры
З. Айдарханова Гүлбаршын Алпысбайқызы
- "Ақбөбек" сауықтыру орталығының директоры
4. Еламанова Сара
Иманбайқызы
- ескрткіштер қорғау қоғамының төрайымы
5. Есенбаев Есімхан
Қалмағамбетұлы
- облыстық еңбек және тұрғыңдарды әлеуметтік қорғау басқармасының басшығы
6. Еспаева Дания
Мәдиқызы
- ААҚ "Тұран Әлем банкі" директорының орынбасары
7. Ильясова Рысжан
Ильясқызы
- облыстық тарихи- өлкетану мүражайының директоры
8. Калдыгулова Сания
Мұсақызы
- қала әкімінің бірінші орынбасары
9. Құдайбергенов Аманғали
Алхатұлы
- облыстық білім басқармасының бастығы
10. Құттыбаева Қализа
Көшербайқызы
- облыстық мұсылман әйелдер қоғамының төрайымы
11. Марченко Анатолий
Николаевич
- кіші кәсіпкерлікті қолдау департаментінің директоры
12. Миронова Алевтина
Валентиновна
- облыстық іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы
13. Мирманова Әлия
- № 24 орта мектеп директоры
14. Панкеева Инесса
Владимировна
- "Актюбинский вестник" газетінің
тілшісі
15. Рсалин Аманбай
Рсалинович
- облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы
16. Сапронова Таисия
Сергеевна
- облыстық кәсіподақтар кеңесі төраға-
сының орынбасары
17. Өтемісова Индира
Сәрсенғалиқызы
- "Ақтөбе" газетінің тілшісі
18. Титона Валентина
Ивановна
- облыстық жауынгер аналары комитетінің төрайымы
19. Шериязданов Асқар
Тұрарұлы
- облыс Әкімі аппаратының ішкі саясат
және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі
20. Ыбраева Райхан Сағынғалиқызы
- № 3 диагностикалық- кеңес беру емханасының бас дәрігері